Казахский язык Билеты А.Прусов

Билет №1

Монолог: «Өзім туралы»

Менің аты- жөнім … . Мен … жылы дүниеге келдім. Менің туған жерім….

Отбасымыздағы … баламын. …. жылы мектепке бардым. Қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Қазір 9-шы сыныпта оқимын. Менің ең жақсы көретін пәндерім –қазақ тілі, математика сабақтары. Мемлекеттік аралық бақылауға дайындалып, жақсы нәтижеге жеттім. Қазақ тілінен емтиханды жақсы тапсыру үшін билеттерді жаттап жүрмін. Мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түскім келеді. Бос уақытымда кітап оқуды, достарыммен таза ауада серуендеуді жақсы көремін. Сабақтан кейін үйге келіп, әке –шешеме көмектесемін. Мен спортпен шұғылдануды жақсы көремін. Әсіресе, волейбол, баскетбол, ойындарын қызығып ойнаймын.

үйреніп жүрмін –изучаю

Мемлекеттік аралық бақылау- промежуточный государственый контроль

нәтиже — результат

жеткім келеді –хочу добиться

түскім келеді –хочу поступить

серуендеу – гулять

шұғылдану –заниматься

Билет № 2

1. Монолог: Менің отбасым.

Менің атым …. , фамилиям … . Мен Қостанай қаласында, 8 –ші шағын ауданында тұрамын. Менің отбасымда …. адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, қарындасым, інім және мен. Атам, әжем – зейнеткерлер, атам- 68 жаста, әжем 65 жаста. Әкем 42 жаста, ол заңгер болып жұмыс істейді. Оны жұмыста әріптестері құрметтейді. Шешем 40 жаста, ол дәрігер болып жұмыс істейді. Дәрігердің жұмысы өте қиын. Қарындасым Әсел 16-шы орта мектепте, 4-ші сыныпта оқиды, інім Қанат балабақшаға барады. Мен 9-шы сыныпта оқимын. Бос уақытта спортпен шұғылданамын. Әсел би үйірмесіне барады. Мен әке-шешемді сыйлаймын, әрқашан да оларға көмектесемін. Біз демалыс күнді жақсы өткіземіз. Жексенбі күні кинотеатрға, мұражайға, драмтеатрға барамыз. Мереке күндерінде қонаққа барамыз және өзіміз қонақтарды жақсы қарсы аламыз. Біз тату — тәтті тұрамыз.

заңгер –юрист әріптестер –коллеги

шұғылдану –заниматься қарсы аламыз- встречаем

Билет № 3

Монолог: «Қостанай –туған қалам»

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Қостанай облысында 5 қала, 16 аудан бар. Қалалары: Рудный, Жетіқара, Арқылық, Лисаковск. Облыс орталығы — Қостанай қаласы. Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің жағасына салынған. Біздің қалада жалпы білім беретін бірнеше мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары және көптеген мәдениет орталықтары бар. Біздің жерлестеріміз: Б.Майлин, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов. Қалада А.Байтұрсынов атында мемлекеттік университет және Ы. Алтынсарин атында мектеп-интернат бар. Қостанайда өлкетану мұражайы және Ы. Алтынсарин атындағы мұражай бар. Орталықта Толстой атындағы үлкен кітапхана бар. Қостанайда мәдениет орындары: І.Омаров атындағы қазақ драма театры және М.Горький атындағы орыс драма театры. Қаладағы өнеркәсіп орындары: «Баян-сұлу» кондитер фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы. Қостанайда әдемі, зәулім ғимараттар көп.

Қостанай — өте сұлу, әдемі қала.

Билет № 4

1. Монолог: «Қазақстан –туған елім»

Қазақстан – көп ұлтты, егеменді мемлекет. Халқының саны- 17 млн . Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан мемлекеті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.

1993 ж. қараша айында ұллтық ақша – теңге айналымға түсті. 2006 жылы қарашаның 15- інде теңгенің жаңа түрі айналымға енді. Қазаөстанның бас қаласы және астанасы –Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Қазақ жері- пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі, біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз!

Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз!

Қазақстан солтүстікте және солтүстік-батысы мен шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан республикаларымен шектеседі.

Билет № 5

Монолог: «Астана –бас қала»

Астана 1830 жылы қаланған. Ол Сарыарқаның даласында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана – Орталық Қазақстан аумағында орналасқан. Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың туған мекені. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген орта мектемтептер, университтер, институттар, колледждер бар. Астана –мәдени орталық. Мұнда драмтеатрлар, кинотеатрлар, мұрайжайлар, кітапханалар, саябақтар бар. Астанада әйгілі үш биге ескерткіш орнатылған.

Астана –Қазақстанның саяси орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимараттары, «Континенталь» қонақ үйі, монумент «Бәйтерек» салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды. 21 ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

қаланған –основан

аумақ –территория

туған мекені- место рождения

тоқыма –трикотажная

саяси –политический

мерзім –время, период

ғимарат-здание

жаңаланды -обновились

Билет № 6

1.Монолог: «Адам және табиғат»

Табиғатта барлық нәрсе тығыз байланыста. Адам –табиғаттың бір бөлшегі. Өйткені адам жермен, өзен-көлдермен, ауамен үнемі байланысқа түседі. Ауа, су, жер- табиғаттың байлығы. Табиғатты қорғау –мемлекеттік іс, қазіргі заманда өткір мәселелердің бірі. Ол – еліміздің болашағы, халықтың байлығы. 5 маусым- Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні

Бұл күні адамдар ағаш отырғызады, саябақтарды тазалайды.

Қазақстандағы ең үлкен мәселе- Арала мәселесіБұл мәселені бүкіл әлем экологтары шешуге кірісті. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір, таза өзен-көл, таза ауа қалдыру -біздің борышымыз.

нәрсе –вещь, предмет

тығыз байланыста –в тесной связи

бөлшек- часть

үнемі -посоянно

өткір –острый

болашақ –будущее

қоршаған орта –окружающая среда

мәселе-проблема

шешу-решать

қалдыру -оставить

борыш -долг

Билет № 7

Монолог: «Киіз үй»

Киіз үй –қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Киіз үй төрт бөліктен тұрады: шаңырақ, уықтар, кереге, есік. Киіз үй желді, жаңбырды өткізбейді. Киіз үймен қазақтар жазда ауасы таза әрі салқын жерге көшкен. Ол жер жайлау деп аталады. Қазіргі кезде де киіз үйлерді мерекелерде көруге болады. Әсіресе қазақ халқының Наурыз мерекесінде көп орнатылады. Сырттары ұлттық оюмен безендіріледі.

Киіз үй төрт түрге бөлінеді: жаздық киіз үй, салтанатты киіз үй, асхана, қойма ретінде тігілетін киіз үй. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінеді.

Мен мерекеде орталықта киіз үйді көрдім. Іші кең, жарық, әдемі болады екен.

баспана –жилище тігу –шить, устанавливать

Билет № 8

1. Монолог: «Мемлекеттік рәміздер»

/Ту, Елтаңба, Гимн/

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздерді бекітті. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн.

Мемлекеттік Туымыздың түсі -көгілдір. Ол адалдықтың, тазалықтың белгісі. Ту бетінді алтын күн бейнесі, бүркіт, ұлттық өрнек бейнеленген. Алтын күн –киелі шамшырақты, қыран бүркіт еркіндікке, биік арманға самғауды білдіреді. Тудың ені -1 метр, ұзындығы — 2 метр. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген. Оған күн сәулесі сияқты уықтар шаншылған. Оларды қанатты қос пырақ бейнесі көмкеріп тұр. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы өзгертілді. Гимннің сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Гимннің әнін Шәмші Қалдаяков жазған.

Билет № 9

1. Монолог: «Мемлекеттік мерекелер».

30 тамыз- Ата заң күні

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

1 қаңтар – Еуропаша жаңа жыл

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1 мамыр- Қазақстан халқының бірлік пен ынтымақ күні

9 мамыр – Жеңіс күні

22 наурыз – Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы – адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі.

Наурыз – діни мейрамы емес, тұрмыс, шаруашылық мейрамы.

Наурыз – жыл басы. Наурыздың 22- сінде күн мен түн теңеледі.

Наурыз – адамзатты еңбекке баулиды, тәрбиелі болуға шақырады. Парсы тілінен Наурыз – «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурызда адамдар наурыз көже пісіріп, ән айтып, көңіл көтереді. Наурыз көже жеті тағамнан пісіріледі. Олар: ет, құрт, айран, су, бидай, күріш, тұз. Мейрам күні түрлі ойындар өткізіледі, адамдар бірін-бірі құттықтайды.

1991 жылы Наурыз айының 15- інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен наурыздың 22-сі -бүкіл халықтық мереке, демалыс күні болып жарияланды.

адамзат – человечество

діни –религиозный

парсы-персидский

көңіл көтереді- веселятся

Жарлық –Указ

жарияланды -объявлен

Билет № 11

Монолог: «Шешендік сөздердің түрлері»

Шешендік өнердің қалыптасуы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді. Ресейде шешендік өнердің негізін салған М.В.Ломоносов болды. Қазақ шешендік өнерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден: ол қағазда емес жадында сақталған. Екіншіден: шешендік сөздердің авторы халық. Шешендік сөздердің түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік арнау бір адамға арналған сын, сәлем, бата. Шешендік толғау: жұмбақтар, нақыл сөз, мысал. Шешендік дау: әдет заңы. Шешендік өнердің дамуының 2-ші кезеңі 17-18 ғасырда өмір сүрген билерге байланысты. Олар –ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткерлер.

қалыптасу-формироваться

байланысты — связано

негізін салушы – основоположник

тән ерекшеліктер – специфические особенности

жады – память

халық қамын ойлаған – заботились о народе

Билет № 12

1.Монолог: Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында туған. Ыбырайдың әкесі Алтынсары ерте қайтыс болды. Ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті. Ы.Алтынсарин – ағартушы- педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері. Ол 1850 жылы Орынбор қаласындағы жетіжылдық мектепке оқуға кірген. 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.

Ыбырай кітаптарының ішіндегі аса мазмұндысы – 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясы». Бұл еңбекте Ыбырай өсиет, нақыл сөздерді, шағын өлеңдерді жазған. Хрестоматиядағы материалдар Алтынсариннің батыс, шығыс, орыс, қазақ тарихына, әдебиетіне жетік екендігін көрсетті.

Қостанайда дарынды мектеп-интернат, балалар кітапханасы, мұражай, көше Ы.Алтынсариннің есімімен аталады. Орталықта Ыбырайға арнап мүсін орнатылған.

аса мазмұнды – очень содержательный

өсиет –завещание, завет

нақыл сөздер – крылатые слова

жетік – знающий, знаток

Билет № 13

Монолог: «Қазақтың билері». Төле би.

Қазақтың билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би 17-18 ғасырда өмір сүрген. Ол 1663 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Әкесі Әлібек билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен көп үйренген

Ол 15-20 жасынан билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Ол Тәуке ханның атақты «Жеті жарғы» заң жинағын жасасқан бас биінің бірі, қоғам қайраткері. Қазақ халқын біріктіру — оның алдына қойған мақсаты еді.

Төле би Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлармен халық майданын құрып, азаттық күресті басқарады. Төле би Абылайханның «Төбе биі» болып, Ұлы жүзді басқарып тұрған.

Төле би туралы аңыз- әңгімелер, шешендік сөздер көп. Бұл әңгімелерде Төле би ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер болып суреттеледі. Шынында Төле өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған.

Төле би Ташкент қаласында қайтыс болды.

әділдік – справедливость

сауатты –грамотный

билік –власть

қайраткер -деятель

Билет № 15

1. Монолог: «Мемлекеттік тіл туралы»

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасалып, ұрпақтан –ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. 22 қыркүйекте 1989 ж. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. 1997 жылы. 11 шілдеде «Тіл туралы» Заңы екінші рет қабылданды. Қазақ тілі Республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

Қазақ тілі –түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, ұйғыр, әзірбайжан т.б. халық тілдері кіреді. Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары –ноғай, татар, башқұрт тілдері.

Мемлекеттік тіл- қоғамның барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру –Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы.

қызмет етіп келеді – служит

мәртебе –статус

қабылданды –принят

саласы –отрасль

іс қағаздары –деловые бумаги

парыз- долг

Билет №17

1.Монолог: «Музыка аспаптары».

Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге болады. Музыкалық аспаптары ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелеген. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна жатады. Үрмелі аспаптарға сыбызғы, сазсырнай, қамыссырнай, үскірік жатады. Дабылды –шулы аспаптар тобына дабыл, оқылдақ, асатаяқ, қоңырау, дауылпаз жатады. Сарнамалы аспатарға ауызсырнай, сырнай, шаңқобыз жатады.

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы. Ол –қазақ халқының өмірінде маңызды орын алады. Домбыра, негізінен, екі шект, кейде үш шекті болып келеді. Домбыра –халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз олған аспап.

үн- звук

жіктелу –классифицировать

ішекті аспап –струнный инструмент

үрмелі аспап- духовой инструмент

даылды –шулы аспап – тревожно –шумный инструмент

сарнамалы аспап- заунывный инструмент

кәсіби өнер –профессиональное искусство

қалыптасуына — формированию