Қоңыржай

Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер

 

1. Қоңыржай белдеу. Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз орын алады (картаға қарап себебін анықтаңдар. Ол үшін Жер шарында құрлықтың орналасуына назар аударыңдар). Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді (өзендер мен көлдердің қатуы және мұзының еруі, өсімдіктердің өсіп-өнуі, жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әрекетіндегі өзгерістер). 

Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі.

Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде + 50°С-қа жетеді, ал құмның беті +80°С-қа дейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз – 30°С-қа дейін барады.

Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы – ылғалының тапшылығы. Жылдық жауын-шашыны 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге де жетпейді. Оның есесіне буланушылық (буланушылық деп нені айтады?) түсетін жауын-шашыннан ондаған есе артық. Кей жылдары жерге бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлдер де бар. Шөл өсімдігі мен жануарлары ылғалдың жетіспеушілігіне жақсы бейімделген. Көптеген өсімдіктердің жапырағы тікенекке айналған (оның қандай мәні бар?), тамыры өте тереңге кетеді. Көктемгі ылғалды пайдаланып қалу үшін бірнеше аптада тез өсіп жетілетіндері де бар.

Шөлде жусан мен сораң өсімдік түрлері, әр түрлі бұталар өседі. Ағаш өсімдігінен құмды шөлде ақ сексеуіл өседі (96, 97-суреттер).

Сексеуіл – діңі қисық, бұратылған, биіктігі 3–4 метрден аспайтын ағаш. Оның жалбыраған ұсақ бұтақшалары көлеңке түсіріп жарытпайды. Ұзындығы 20–25 м-ге жететін қуатты тамырлары ылғалды өте тереңнен тартады. Сүрегі тығыз, ауыр, суға салса батып кетеді.

 Шөл жануарлары

Шөл жануарлары қатты ыстық пен судың жетімсіздігіне икемделген. Көпшілігі күндізгі ыстықта інге немесе құмның арасына кіріп жатады да, жем іздеуге түнде шығады. Кейбіреулері жазғы ыстықта ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт су ішпестен өсімдік нәрімен күнелтетіндері де бар.

 

Шөлде ұсақ кемірушілер, жыландар, кесірткелер көп. Тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Бұрын құлан да көп болған.

Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.

Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады. Оңтүстік жарты шардағы көлемі шағын.

Дала деп шөп өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты айтады. Шөл зонасы сияқты дала зонасының да климаты өте континенттік болады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Аяз –50°С-қа дейін барады. Жауын-шашын шөлге қарағанда екі еседен көбірек жауады. Бірақ мұнда да буланушылық түсетін жауын-шашын нан анағұрлым артық. Ылғал жетіспейтіндіктен құрғақшылыққа бейімделген шөп өсімдігі өседі. Соның ішінде селеу басты орын алады. Жазда өсімдік пісіп жетілген кезде жел шайқаған селеулі дала толқыған көл айдынын елестетеді. Мұндай шөп өскен жерде құнарлы қара топырақ қалыптасқан (неліктен?).

 Ғасырлар бойы жер жыртып, егін егудің нәтижесінде даланың табиғаты қатты өзгерді. Қазіргі кезде дала табиғи күйінде тек қорықтарда ғана сақталған. Қазақстанның солтүстігіндегі далалар ХХ ғ-дың 50–60-жылдарындағы тың игеру кезінде түгелдей дерлік жыртылып тасталды. Тиісті агротехникалық шараларды қолданбаудың салдарынан бірқатар аудандарда топырақ құнары саналатын қарашірікті жел ұшырып алып кеткен.

Табиғи күйіндегі далаларды ін қазатын кемірушілер көптеп мекендейді.

Дала зонасының кейбiр өсiмдiгi мен жануары

Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық кездеседі. Қазақстан далаларында таяуда ғана ақбөкен үйір-үйірімен жүретін. Тың игергеннен кейін олар азайып, оңтүстікке, шөлейт пен шөлге ығысты. Ал тарпаң деп аталатын жабайы жылқы ХІХ ғ-дың өзінде мүлде жойылып кеткен. Солтүстік Америка далаларында еуропалықтар жаппай қоныстанар алдында 50 миллион бизон мекендеген. ХІХ ғ. басында бірде-бір жабайы бизон қалған жоқ. Адамның қолдан өсіруінің арқасында ғана олар мүлде құрып кетпей сақталып қалған. Қазір бизонның саны 50 мыңға жетеді.

Дала зонасының халқы ерте заманнан бері егіншілікпен және мал шаруашылығы мен айналысқан. Мұнда жыл сайын мол астық өндіріледі.

Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында жатады. Ол тундраға – орманды тундра, далаға орманды дала өтпелі зонасы арқылы бірте-бірте ауысады.

Орман зонасы негізінен солтүстік жарты шарда, Еуразия мен солтүстік Америкада таралған. Бұл зонаның топырағы тым ылғалды жағдайда қалыптасады. Топырақтың жоғарғы қабаты үнемі ылғалмен шайылып отырады да, түсі күлгінденеді. Сондықтан мұнда күлгін топырақ түрлері басым болады. Тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана жер беті құрғап, топырақ қоңырқай тартады. Орман зонасы жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас орман деп аталатын кіші зоналарға бөлінеді.

Жалпақ жапырақты орман қоңыржай белдеудің климаты біршама жылы және ылғалды өңірін алып жатыр. Қысы салқын болғанымен, жазғы жылу мен ылғал жалпақ жапырақты ағаштардың өсуіне жетіп жатыр. Орман құрамында ағаштың ондаған түрі кездеседі, мұнда бұта мен шөп те қалың өседі. Жалпақ жапырақты ағаштардың көпшілігі шамшат, емен және жөке ағашы болып келеді.

Қылқан жапырақты орман немесе тайга алып жатқан қоңыржай белдеудің климаты айтарлықтай ылғалды, сонымен қатар ол біршама суық өңірді қамтиды. Қысы аязды, жазы қоңыржай жылы. Жылдық жауын-шашын мөлшері буланушылықтан артық. Орман құрамы кедей болып келеді де, әдетте екі-үш ағаш түрінен тұрады. Топырақ бетін мүк басып жатады. Негізінен балқарағай, шырша, майқарағай және қарағай таралған.

Жалпақ жапырақты орман мен тайганың арасында аралас орман өңірі жатады. Бұл жердің климат жағдайлары суыққа бейім қылқан жапырақты ағаштар мен жылу сүйгіш жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарының қатар өсуіне мүмкіндік береді.

Орман зонасы жануарлар түріне өте бай (101-сурет). Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін, түлкі, бұлғын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, қасқыр; тұяқтылардан бұлан, елік; құстардан саңырау құр, құр, тоқылдақ, т. б. мекендейді. Тарихи кезеңде орман жануарларының көптеген түрлері мүлде жойылып кетті немесе азайды.

Орман зонасы адамның шаруашылық әрекетінен көп өзгеріске ұшырады. Егін салу үшін ағашты отаудың және өрттің салдарынан ормандардың көлемі қысқарған және құрамы өзгерген. Қарағай мен шырша ормандарының орнын қайың мен көктерек ормандары басқан.

2. Субполярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (субарктикалық деп те аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субантарктикалық ). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы +10°С-тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100–300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Оны мәңгі тоң дейді. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұқа қабаты ғана (0,5–1 м) ериді. Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.

Белдеуді негізінен тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр.

Тундрада мүк, қына және бұталар өседі.

Орман зонасының жануарлары 

Тундра зонасының климат жағдайлары өсімдіктің өсуіне тым қолайсыз. Әрі қысқа, әрі салқын болатын жазында өсімдік өсіп жетіле алмайды. Сондықтан негізгі орынды көп жылдық өсімдіктер алады. Олар бірінші жазда тұқымнан өніп, жер бетіне шығады, екінші жазда гүлдейді, үшінші жазда барып тұқым шашады. Тундра өсімдігі өте баяу өседі. Мәселен, ергежейлі поляр талы бір жылда 1–5 мм ғана ұзарады. Жазда ауаның топыраққа жақын қабаты ғана біршама жылынады. Соған сәйкес бұталар жер бетіне төселіп немесе ұйлығып өседі. Тамыры тереңге таралмайды. Баяу өсетіндіктен, тундраның өсімдік жамылғысы оңай бұзылады және оның қалпына келуіне көп уақыт керек болады. Мәселен, шынжыр табан машинаның жүріп өткен ізін өсімдік 20 жылда ғана әрең қайта басады. 

Тундраның жануарлары (102-сурет) суыққа бейімделген. Қыста көптеген жануарлар, соның ішінде солтүстік бұғысы тайгаға ауады. Жазда сансыз көп көлдерде қаптап жүретін қаз, үйрек, аққулар балапанын өргізгеннен кейін жылы жаққа ұшып кетеді.

 Кішкентай алақоржын тышқаны тундрада қалып, қар астында күнелтеді. Олардың қарды кеулеп, жем іздеген жолдары туннель сияқты айқыш-ұйқыш жосып жатады. Алақоржынды поляр түлкісі, қасқыр, жапалақ ұстап жейді.

Тундра жануарлары 

Тундра мен орманның арасын орманды тундра өтпелі зонасы бөледі. Мұнда ағаш сирек және қисық болып өседі.

3. Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық (грекше анти – қарсы) белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0°С-тан сәл ғана асады. Оның есесіне ұзаққа созылатын қыста ол –30–40°С-тан түспей, қақаған аяз болып тұрады. Антарктиданың климаты одан да қатаң. Онда Жер шарындағы ең төмен температура (–88,3°С) байқалған.

Арктикалық және антарктикалық белдеулер мұзды шөл зонасына жатады. Оның жер бетін жаппай өлі мұз басқан. Жазда мұздан босайтын азғана жерде қына мен аздаған мүк шығады. Жануарлардың тіршілігі тек теңізбен байланысты (103-сурет). Солтүстік Мұзды мұхитта морж бен итбалық көп. Мұз арасында оларды аңдып ақ аю жүреді. Антарктика лық белдеуде пингвиннің тіршілігі материк жағалауындағы сулармен байланысты.

Қоңыржай белдеудің жануарлары

 

97-сурет. Ақ сексеуiл

 

 

Созвездие аң белдеуі

 

Келес

 

 

Коныржай субпалярлык жане полярлык белдеу

 

Тасбақа

 

 

Жалпақ жапырақты осимдиктер

 

Жорға дуадақ

 

 

Қоңыржай ендіктерде басым жел

 

Қосаяқ

Қоныржай субполярлық жəне полярлық белдеулер

 

Қырғауыл

 

 

Полярлық белдеу

 

Ақбөкен

 

 

Коныржай белдеунин кылкан жапыракты орманы

 

Құлан

 

 

Буланушылық

 

Қарақұйрық

 

 

Қоңыржай белдеуінің өсімдіктері

 

Бизон

 

99-сурет. Шөл жануарлары

 

 

 

Тундра зонасының жануарлары

 

Селеу

 

 

Поляр белдеудегі табигат

 

Бетеге

 

Коныржай белдеу осидиги неге гулдемейди

 

Тиiн

 

 

Аралас орман зонасы

 

Саңырау құр

 

 

Қоңыржай белдеудің жануарлары

 

Қоңыр аю

 

 

Табигаттагы зоналар мен белдеулер

 

Бұлғын

 

 

Коныржай субпалярлык жане полярлык белдеу

 

Сiлеусiн

 

 

Коныржай белдеу

 

Бұлан

 

Қоңыржай ендіктерде басым жел

 

Поляр жапалағы

 

 

Қоныржай субполярлық жəне полярлық белдеулер

 

Поляр құры

 

 

Созвездие аң белдеуі

 

Поляр түлкiсi

 

 

Коныржай белдеунин кылкан жапыракты орманы

 

Солтүстiк бұғысы

 

Дала зонасынын өсімдігі

 

Итбалық

 

 

Қоңыржай мен субполярлық полярлық белдеулер

 

Ақ аю

 

 

Тундра зонасының жануарлары

 

Морж

 

 

Полярлық белдеу

 

Пингвин

 

103-сурет. Полярлық белдеудің жануарлары