ҚазҰУ газет 2 (1)

Білімнің қара шаңырағы – ҚазҰУ!

Халық даналығы айтады: «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Сол секілді, менің алдыма қойған үлкен арманым болды! Өмірімнің сана сезімі, заңғар сәулесі болашаққа бет алған асқақ армандарымның бір бөлігіне қадам басқандаймын.

80-жылдық тарихы бар, әлемдік үздік оқу орындарының алды — Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының бірі. Оқу ордамның тарихына шолу жасасам, Қазақ ұлттық Университетінің негізі – 1934 жылы 15 қаңтарда Қазақстандағы бетке ұстар, білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болған Университет.

Қазіргі таңда, Университетте білім беру ісі Болон үдерісіне сәйкес жүргізілуде және де кредиттік технология бағдарламасы толық күшіне енді. білім алушы студенттердің академиялық ілкімділігі, «бакалаврмагистрPhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. Университетіміздің жетістіктері өте көп. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Сонымен қатар, ҚазҰУ студенттеріне қолайлы жағдай жасауда. 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, компьютер сыныптары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интранет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.

Университет қабырғасында тек қана, оқу процессі ғана емес, еліміздегі өтіп жатқан, саяси форма болсын, жолдау болсын ешқайсысынан құр қалмайды. Соның ішінде,

«Қазақстан жолы – 2050 менің жолым» аты форум қатысушылары Қазақстан жастарының үндеуі қабылданды. Онда талқыланған мәселерер: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты жастар форумы болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласы әкімшілігі.

«Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел болудың өзегі – дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өткен болатын» т.б.

Тағы да, Университетіміздің мақтанарлық болмысы – Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Университет өмірінің жарқын беттері, ең үздік жетістіктері 70-80 жылдарға сәйкес келеді. Осы кезеңде университетті белді қоғам қайраткері, академик Ө.А.Жолдасбеков (1970-1986) басқарды. Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры атты тобымыз бар, онда елімізге белгілі қайраткерлер қызмет атқарады. 2001 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің Қаулысымен Студенттер сарайына университет ректоры Ө.А. Жолдасбековтың аты берілді.

ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісінің түрі – ISPOT-пен қамтылды. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болуда. Сонымен қатар тәулік бойы істейтін 300 орындық жаңа Интернет-кафе жұмыс істейді. 

Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Университетімізді, яғни 2010 жылдың қазан айынан ректор қызметін Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов атқаруда.

КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. Осындай ірі тұлғаларымыз білім нәрімен сусындатып кеткен – Университетіміздің мәртебесі әрқашан жоғарыда тұрарына сенемін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Философия жіне саясаттану факультетінің 1-курс студенті Мәлікова Бағжан