Қанатын кеңге жайған ҚазҰУ

Қанатын кеңге жайған ҚазҰУ

Талай түлектің арманына айналған Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түсу мен үшін өте мақтаныш. Расында да, арман боларлықтай атына заты сай бұл әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алғаны да рас. ЖОО-на түсер кезде көптеген таңдаулар болды әрине, бірақ ҚазҰУ тұрғанда менің жүрегімді ешбір оқу орны өзінің ерекшелігімен тамсандыра алмады. Аумағы 100 гектардан асатын бұл керемет жерде Орта Азиядағы ең үздік университет орналасқан. Өзінің білімі мен дарындылығына сенетін көңілдіде ізденімпаз жастардың орталығы екені қалашыққа кірген сәттен бастап-ақ сезіледі. Алғаш келген жас түлектің өзі өзін еркін сезініп, жалғыз емес екенін аңғара алады. Себебі мұнда орналасқан Әл-фараби атамның монументінің өзі ерекше күш беретіндей. Осылайша менің студенттік өмірім ерекше сезіммен басталды.

Сабақ басталысымен тұла боймды үрей биледі, осындай керемет университетке түскеннен соң оны қалай аяқтар екенмін деген. Бірақ, кенет ерекше ләззатқа бөлендім. Ол ләззаттың сыры тереңде жатқандай сезілді. Үкіметтегі министірлердің көпшілігі, және көптеген ғалымдар мен профессорлар, аты елге мәлім жоғары лауазымды тұлғалардың осы университетті бітіргені, солар оқыған аудиторияларда отырғаным, соларға сабақ берген ұстаздар мағанда беріп жатқаны есіме түсіп кеудемді қуаныш кернеп, жүзіме шаттық оралды.

ҚазҰУ да білім алу сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше сезім. Әрине ол сезімді басынан кешіруді барлығы армандайды.Армандары орындалған жас түлектерге айтарым мұнда оқуға түскендеріне ешқашан өкінбейді. Мұнда студенттердің білім алуына бар жағдай жасалған, инновациялық технологиялар жетік дамыған, спорттың барлық түрі бар, біліммен сусындайтын жастарға арнап керемет Әл-фараби кітапханасы ашылды, жатаханалар заманауи үлгіге сай жабдықталған, интернет орталықтарымен қатар көңіл-көтеру орталықтарына дейын осы қалашықтың сәніне сән қосуда.

Университетке тоқталар болсам мұнда 20 мыңнан астам студент пен 2000-ға жуық магистранттар мен PhD докторанттары  білім алуда. 137-ден астам мамандық бойынша 102 кафедра мен мен 14 факультетте бәсекеге қабілетті мықты кадрларды дайындайды. Олар: механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес жоғары мектебі, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетел азаматтарына арналған дайындық факультеттері.

1934 жылы құрылған университеттің мұншалықты дәрежеде дамуы- мұнда жұмыс жасап кеткен және жасап жатқан қызметкерлердің (профессорлар мен докторлар) және дұрыс саясат жүргізіп отырған ректордың арқасы. Университет осы уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Мысалыға айтар болсақ,  Университет мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды және ҚазҰУ Қазақстан  жоғары оқу орындарының ішіндегі бірінші болып 2000 жылы 16 қыркүйекте  Еуропадағы белгілі Болонья (Италия) университетінің қабырғасында Дүниежүзілік университеттердің хартиясына қол қойды. Қазақстан мен ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып үшсатылы жұйеге көшті (бакалавр, магистр, философия докторы). 2010 жылы желтоқсанда Ректор Мұтанов Ғ.М. бастамасымен Ақсақалдар кеңесі құрылды, кеңес төрағасы академик Сұлтан Сартаев.

Университет территориясында 100 гектарға жуық жерді алып жатқан Қазақстанда теңдесі жоқ оқу-ғылыми «ҚазҰУ қалашығы»кешені, мұнда оқу корпустары мен зертханалар, жатақханалар, республикадагы жалғыз 0.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, спорт кешені және стадион, тамақтану комбинаты, кинотеатр, сонымен қоса Ыстықкөлде спорт-сауықтыру лaгepi орналасқан.

Білім беретін және зерттеу жүргізетін профессорлар құрамы 2000 адамнан асады, олардың  арасында 1000-нан аса ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, ірі академиялардың 100-ден аса академигі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген  21 қайраткер; ғылыми жаңалықтардың авторлары, бірегей  технологияларды жасаушылар-30-дан аса Мемлекеттік және Қазақстан Республикасы атаулы сыйлықтарының лауреаттары және жас ғалымдар сыйлықтарының 40 лауреаты, 45 мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, 150 PhD докторы бар.

ҚазҰУ да студенттерге әскери борышын өтеу үшін арнайы Әскери кафедра жұмыс жасайды. Жыл сайын 200 ге жуық әскерге жарамды студент ер балалар сабақ үлгерімімен, физикалық дайындылығының арқасында кафедраға түседі. Бұл жерде 2 жылдан астам уақыт ішінде мұнда қосалқы лейтенанттарды дайындап шығарады. 2013 жылы кафедрадағы борышын өтеушілер бүкіл Қазақстандағы әскери училишелер мен ЖОО-ның әскери кафедраларының арасында өткен жарыста 3-орын, ЖОО арасында 1-орын иеленді. Бұл дегеніңіз кафедра басшысы полковник Ишанов Е.Х бұл салада атқарып жатқан қызметінің жоғары деңгейде екенін байқатады.

ҚазҰУ дың алдына қойған мақсаты- Білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуальды талаптарға және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына сай кадрлық әлеуетті – жаңа формацияның мамандарын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп, тер төгіледі. Менің арманым ҚазҰУ дың осы мақсатқа жетуге өз үлесімді қосып, өзімнен кейінгі студенттерге үлгі болғым келеді. Бірақ, Әл-фараби атындағы ҚазҰУне тек үлгі болар жастар ғана тәрбиеленіп шығады. Осы алған білімді еліміздің дамуына, экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастарды тұрақтылықта ұстап тұруға бар күш жігермді салуға ұмтыламын.