ЭЭЖ лаба метода

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Коммерциялық емес акционерлік қоғам 

Электр станциялар, тораптар мен жүйелер кафедрасы

         

 

 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕР МЕН ТОРАПТАР 

5В0718 Электр энергетикасы мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар.

 

Алматы 2010 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: В.Н.Сажин, Н.А.Генбач, Ш.Т.Дуйсенова. Электр жүйелер мен тораптар. Зертханалық жұмыстар үшін  әдістемелік нұсқаулар  5В0718- Электр энергетика мамандығының күндізгі және сырттай оқыту түрлерінің студенттері үшін. -Алматы: АЭжБИ,

         Әдістемелік нұсқауларға зертханалық жұмыстар үшін жалпы ережелер, жұмыстарды орындау мен қамдандыру нұсқаулары кірген.

            Зертханалық жұмыстардың түсіндірмелерінің ішінде жұмыстардың аттары, жұмыс мақсаты, оларды жүргізу мен ПЭЕМ арқылы алынған есеп мәліметтердің талдау әдісі бар. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін бастапқы мәліметтер және программамен ПЭЕМ арқылы жұмыс істеу ережесі келтірілген. 

 

Кіріспе 

         Электр жүйелер мен тораптар пәні инженер-электр энергетиктерді даярлаудағы ең маңыздыларының  біреуі болып табылады.

         Зертханалық жұмыстардың мақсаты- студенттердің  естерінде бұрын алынған теориялық білімді бекіту. Жұмысты орындауға кіріскенде студент алдына қойған мақсаттарын  және зерттелінген физикалық пішіндерді айқын түсіну керек.

         Электр тораптар зертханасында оқылатын нәрселер- электр тораптар және едәуір созылатын мен үлкен қуаттар берілетін электр берілісінің желілері. Зертханалық жұмыстарда үлкен мән электр беріліс желілердің және әртүрлі үлгілі электр тораптардың жұмыс режімдерін есептеуге беріледі.        

        

         Жұмысқа дайындық және оның мазмұны

 

Зертханалық жұмыстарға дайындалғанда осы әдістемелік нұсқаулардың

тараулары мен ұсынылатын әдебиетті оқып білу қажет.

Айтылған деректерді оқып білген соң студент әдістемелік жұмыстың мақсаты мен оны жүргізу тәртібін жақсы елестету керек. Содан соң зерттелінетін тораптың математикалық үлгісін дайындау керек, яғни:

          -электр берілісінің немесе электр торабының алмастыру сұлбасын  құрастыру керек;

          — алмастыру сұлбасының параметрлерін анықтау керек;

          -  қажетті алдын-ала есептерін жүргізу керек;

          — берілген формат бойынша қолданылатын бағдарламаның ережесіне сәйкес ЭЕМ арқылы есептеу үшін бастапқы ақпаратты дайындау керек.

Есептің нәтижелерін кесте мен график түрінде көрсету  керек.

Әрбір зертханалық жұмысты орындауға мұғалім теретикалық білім мен сәйкес алдын-ала есептеулері бар студенттерді ғана жібереді.

 

 Зертханалық жұмысты қорғау

 

Жұмысты қорғауға зертханалық жұмыстың бүкіл көлемін орындаған

және баяндаманы қамдандырған студент жіберіледі. Баяндама жалпы түрде  ақ қағаздың стандартты (А4 форматты) парақтарда дайындалады. Жазулар қара жазумен, суреттер-қарындашпен орындалады. Баяндамада міндетті түрде көрсетілетін тараулар:

         — зертханалық жұмыстың мақсаты;

          — жұмысты орындауға дайындалу процессі;

          -  жұмысты жүргізудің тәртібі;

          - ЭЕМ-мен есептелініп алынған нәтижелер;

Есеп нәтижелері бойынша талдау және қорытынды шығару. Егер оқытушының қойған сұрақтарына толық жауап болса, теориялық білімді білуі және жұмыс түгел орындалса, зертханалық жұмыс жақсы қорғалды деп есептелінеді.

         1 Зертханалық жұмыс. 220кВ электр берілісінің жұмыс режімдерін зерттеу

 

1.1            Жұмыс мақсаты

 

         Бұл жұмыста желінің бос жүріс режімі және электр берілісіндегі (желісіндегі) жүктеме қуатына байланысты кернеудің өзгеру заңдылығы мен қуат шығыны зерттелінді.

 

         1.2 Зерттелінген электр берілісінің сұлбасы желінің соңындағы төмендеткіш трансформаторлары бар екі тізбекті электр желісінің жұмыс режімімен зерттеледі. (1.1-сурет).

        

Желінің және трансформаторлардың параметрлері мен жүктеме қуат мәндерін оқытушы береді.

                                                 

1.1-сурет

 

1.3            Жұмыстың мазмұны мен алдын ала дайындық

 

         а) «Электр стансалары және жүйелері» сабағы бойынша керекті

теориялық мәліметтерді оқу.  «RASTR» бағдарламасының жұмыс нұсқауымен танысу.

         б) 1.1- кестедегі келтірілген бастапқы деректер бойынша зерттелінетін электр берілісі үшін желінің және трансформаторлардың параметрлерін есептеу.

         с) Электр берілісінің алмастыру сұлбасын құрастыру.

         д) Бос жүріс режімінің есебін, tgφ = 0 болғандығы актив жүктемесінің өзгеруінің есептерін жүргізу және желінің басындағы кернеу тұрақты мен жүктеменің қуаты тұрақты актив болғандағы tgφ2(Q)-нің желінің соңындағы кернеуге әсерін білу. Сонда tg φ2  шамамен tgφ2 = -1 ден tgφ2 = 1 шегіне дейін өзгереді.

         е) Желі соңындағы кернеудің, актив қуатының шығынын және  tgφ2 функциясында электр берілісінің  ПӘК-тің тәуелдіктері алынған есептік нәтижелері бойынша тұрғызу.

1.4             Жұмыстың орындалу тәртібі

 

1.4.1 ЭЕМ-нің жадына дайындалынған есептік мәндерді енгізу («RASTR» бағдарламасының нұсқауына сәйкес).

1.2.2 Бос жүріс режимінің есептерін жүргізу. Алынған есеп нәтижелерін компьютер экранынан көшіріп алу. Векторлық диаграммасын тұрғызу.

1.4.3 Жүктеменің актив қуаты өзгергенде және tgφ2=0 болғанда есептер жүргізу (жүкткменің қуатын  1.0Р2; 0.8Р2; 0.6Р2; 0.4Р2 шектерінде өзгереді). Желінің басында кернеу тұрақты ұсталынады. Есеп нәтижесін алу, оны компьютер экранынан көшіріп алу. U2 = f(Р2),  ΔР = f(Р2) тәуелдіктерін тұрғызу.

1.4.4 Желі басындағы тұрақты кернеу мен тұрақты актив қуат болғанда жүктеменің реактив қуаттың мөлшері мен сипатының өзгеруі кезіндегі электр берілісінің режімін есептеу (жүктеменің реактив қуаты 1.0Q2; 0.8Q2; 0.6Q2; 0.4Q2  до  -1.0Q2; -0.8Q2; -0.6Q2; -0.4Qшектерінде өзгереді). Реактив қуатының өзгеруі желінің п.ә.к.-не әсерін білу. η = f(tgφ2) тәуелділігін тұрғызу.

1.4.5 Алынған нәтижелерді талдау және қорытынды шығару. 

 

1.1 — к е с т е  Жұмысты орындауға қажетті бастапқы деректер

 

Нұсқаның №

 

L,

км

Сым маркасы

Трансформатордың

түрі

Жүктеме,

  МВА

 

 

 

 

 

  1

  2

  3

  4

  5

  6

  7

  8

 200

 190

 180

 170

 160

 150

 140

 130

    АС 400/51

    АС 300/39

    АС 300/39

    АС 240/32

   АС 300/39

   АС  240/32

   АС 240/32

   АС 240/32

ТРДЦН- 100000/220

 ТДЦ – 80000/220

 ТРДЦН – 63000/220

 ТРДЦН –100000/220

 ТДЦ – 80000/220

 ТРДЦН 63000/220

 ТРДЦН- 63000/220

 ТДЦ-  80000/200

  150+J80

  110+j60

  90+j40

  140+j70

  100+j50

  80+j30

  90+j40

  120+j 60

 

2  Зертханалық жұмыс. Тұйықталған электр тораптарының жұмыс режімдері

 

2.1 Жұмыс мақсаты

 

         Бұл жұмыста екі жақты қоректенген желінің жұмыс режімі зерттелінеді.

Жұмыстың әртүрлі жағдайларында тораптағы кернеудің режімі, актив және

 реактив қуатының ағын таралуы мен балансы қаралады.

        

         2.2 Зерттелінетін тораптың сұлбасы

 

                               2.1 –сурет

 

2.3 Жұмыстың мазмұны мен алдын ала дайындығы

         а) Керекті теориялық мәліметтерді оқу.

         б) Бастапқы деректердің нұсқасына сәйкес қарастырылатын тораптың желі учаскелерінің параметрлерін анықтау.

         в) Тұйықталған тораптың алмастыру сұлбасын құрастыру.

         г) Торап учаскесіндегі актив және реактив қуатының таралуын анықтау және қоректендіруші түйіндердегі кернеу теңелгендегі жүктеме түйіндердің кернеу деңгейін анықтау. Қуаттың бөліну нүктесін табу.

         д) Апаттан кейін жүктемелі түйіндерде кернеудің және торап учаскесіндегі актив және реактив қуатының таралуын анықтау.

 

2.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

2.4.1 Дайын есептік мәндерді ЭЕМ-нің жадына енгізу.

2.4.2 Қоректендіруші түйіндердегі кернеу теңелгенде кәдімгі режімді есептеу. Тораптың режімінің нәтижелерін алып, компьютер экраннынан көшіріп алу.

2.4.3 Апаттан кейінгі режімді есептеу (ең жүктелген басты торап учаскесі өшірілгенде). Тораптың жұмыс режімінің нәтижесін шығару және компьютер экранынан көшіріп алу.

2.4.4 Есептің шыққан нәтижесін торап сұлбасына салу. Алынған   нәтижелерді талдау және қорытынды шығару.

2.5 Жұмысты орындауға қажетті бастапқы деректер.

 

                  2.1 – кесте.  Жұмысты орындауға қажетті бастапқы деректер

 

Нұсқа

ның

Uн,

кВ

Аймақ ұзындығы, км

             Сым маркасы

     Жүктеме, МВА

А-1

 1-2

 2-3

 3-Б

 А-1

 1-2

  2-3

 3-4

    S1

     S2

    S3    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1

 2

 3

 4

 5

 6

 7

 8

 220

 220

 220

 110

 110

 110



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст