С

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушыларының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе болып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой- пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет, себебі ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіре өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмыс өзгелердің жұмыс тәжірбиесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтық арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Жинақтай айтсам, ол оқыту әдісіне жаңалық енгізу, оның нәтижелігі арқасында уақытты тиімді пайдаланып, білім сапасын биікке көтеру. Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа, өзіндік педагогикалық ынтымақтастық жолдарын жалғастырушы. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтан, заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру жолында мұғалімнің еңбегі зор. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ және ол мектептен балалар көбірек білім алып шықса екен деп ұмтылады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, жаңаша форматта білім беретін ұстаз қажет. Осы курс басталғалы бері өзімді басқаша сезіндім. Сабақтың алғашқы күнінен бастап оқушыны топпен, жұппен ұжымдық жұмыс жасау керектігін түсіндім. Өзімді өзгерту арқылы оқушыны еркіндікке жетелей отырып, сабаққа ынталандыру, ойын тұжырымдап жеткізуге баулыймын, себебі оқушы өзінің ойын еркін жеткізу арқылы қажетті ақпаратты АКТ-ның көмегімен түсіндіріп, жеткізе алады.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 39-бет). Білім берудің жаңа әдіс- тәсілдерін оқып- үйренудің оқушымен қарым- катынас құруда тиімді жолы диалог екенін білдім. Осы әдісттерді сабағымда қолданып, дәстүрлі сабақта жақсы оқитын оқушылар ғана сабаққа қатысса, жаңаша форматта оқытуда сыныптағы барлық оқушы жұмылдырылып, механикалық түрде келісе салатын жауапқа топ арасында пікірталас туындап, әркім өз ойын дәлелдеуге тырысады, идеяларымен бөлісетін болды.

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші ұстаз әрқашан оқу, ізденіс үстінде болмақ. Сондықтан да мұғалім әрдайым қоғамда болып жатқан өзгерістерден хабардар болып отырады. Қазіргі таңда, мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа форматтағы мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог және кәсіби шеберлік пен бірнеше құзыреттілік түрін игеруге міндеттімін.

Мен өзгердім бе?.. Бұл сұраққа жауап беру үшін өзіме-өзім сабақ беретін оқушыларымның көзімен қарап тұрмын. Мектептегі тәжірибе кезеңінен кейін олардың ойы бойынша мен өзгердім. Бұрын сыныптағы диалог әрекетіне тиісті назар аудармаушы едім, Бағдарламамен танысқаннан кейін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдаландым. Білім берудегі диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңыздылығын түсіндім.

«Мектептегі тәжірибе» сабағын неден бастадым? Сабақты бір-бірін құттықтаудан және тренингтен, топтарға бөлуден бастадым. Менімен бірге жылы лебіздер тренингі уақытында балалар шеңбер құрып, бір- біріміздің қолымызды алып, досына арналған достық, адалдық тілектер білдірді және өздерін бірыңғай тату команда екенін сезінді. Жүйелі сабақтардың жоспарын жасауда оқыту үшін алда тұрған тосқауылдарды жеңу мақсатында оқушыларға көмектесу үшін информатика сабағында оқушылардың компьютерге деген әуестігін, ермегін, олардың басындағы қиындықтар мен мәселелерді білдім. Дәстүрлі сабақтан өзгеше сабақ беруді неден бастадым?

Дәстүрлі сабақтың жаңаша форматта оқытудан өзгешелігі оқушылардың ұжымдасып, топтық, жұптық жұмыстарда әрдайым сыни тұрғыдан ойлату, ситуациялық сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, өзара пікірлесе отырып ортақ шешімге келіп, тұжырымды, жүйелі идеялармен бөлісу және топ арасында «Алтын ережені» құруда. Оқушыларға әдепті оқушы мен әдепсіз оқушының айырмашылығын ажыратып көрсету, әрбір оқушының әдепті оқушылар қатарында болуына үгіт-насихат жүргізе отырып, қандай амалдарды орындасақ немесе орындамасақ әдепті, тәртіпті, ізденімпаз, шығармашыл, логикалық ойы дамыған, дарынды, өмірге бейім, зияткер тұлға боламыз деген сұрақтарға жауап бере отыра «Алтын ережесін» жазып шықтық.

Мектептегі тәжирибе кезінде сыни тұрғыдан ойлау арқылы адамға өмірдегі қажеттіліктен туындайтын, оқушыны ойландыратын, ситуациялық сұрақтар қоя отырып ынталандыруды үйрендім. Дәстүрлі оқыту кезіндегі сабақтарым мен жаңа форматта оқыту кезіндегі сабақтар арасында көптеген айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі оқыту кезінде басты рөлде мұғалім болса, қазіргі уақытта оқушының рөлі маңызды болып отыр. Информатика сабағында оқушылар теориялық білімдерін өз ойларымен тұжырымдап жеткізіп, топ ішінде өзара диалогқа түсіп, оңтайлы шешім қабылдай отырып, нақты бір көзқарасты көздеуді үйренді.

Талдау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл – мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008). Осы тұрғыда, оқушылардың визуалдандыру дағдыларын дамытумен қатар, сыни тұрғысынан ойлауға үйрету мақсатында интербелсенді тақтадан үш литрлік ыдыстан екі литрлік ыдысқа су құйып тұрған оқушының фотосуретін көрсетіп, алгоритм құру тапсырылды. Топ ішінде әңгіме-дебат болғанын байқадым. Оқушылар өз идеяларын ортаға салып, өзара ой-пікірлерін айтып, қарым-қатынас көбіне «иә, бұл солай», «жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асты. Үшінші топтан Мерей «үш литрлік ыдыстағы суды екі литрлік ыдысқа құямыз, нәтижесінде бір литр су ыдыста қалады» деп өз ойын айтты. Оқушылар берілген тапсырманы суреттеу және елестету дағдылары арқылы сыни тұрғысынан ойлап, ортақ шешімге келіп күтілген нәтижеге жетті.

Талантты және дарынды балаларға білім беру модулі оқытуды мұқият жоспарлауды ойландырды. «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс» (Eyre, Lowe, 2002).

Бұл курс менің тек тәжірибемде ғана емес, мамандығыма деген көзқарасты да өзгертті. Өз ісіме деген махаббатым ұлғайды. Бұл өте тамаша сезім!!!

Жиынтық бағалауда оқушылар тек баға үшін, өз атағын көтеру мақсатында білім алуды көздейтінін, формативті бағалауда ауызша түрде мадақтап, жазбаша түрде ынталандыруды үйрендім. Осы өзгерістерді өз сабағымда қолданып көрдім, бірақ керемет нәтижеге ие болдым деп айта алмаймын. Олардың міндеттемесі баға алу болғандықтан жаңа бағалауға көше алмай жатыр. Бірақ болашақта жақсы кәсіби шеберлікпен бұл әдісті іске асырсам деген ойдамын. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Оқушының дарынды және талантты екенін қалай? Ол мүмкін қандай талантымен көзге түседі? Бала кей кездері қабілетті, ал кей кездері мүлдем қабілетсіз болу мүмкін. Баланың бойынан талантты байқай отырып, мұғалімдердің, ата- аналардың, достарының пікірін тыңдай отырып, ары қарай дамуына ықпал жасауымыз қажет. Жас балаларға өз талантын көрсету қиынға соғуы мүмкін. Дарынды балаларды әр түрлі жағдайда анықтауға болады. Баланың бірі өзін көрсетіп алға ұмтылса, біреулері өз ойын қорытып жинақтағанмен өзін көрсете алмайтындары бар. Менің өз сабақтарыма тоқталсам баланың жұмыс жасау барысын бақылау арқылы оның икемділігін, қабілетін байқаймын. Кез келген жұмыс жасату кезінде оны байқау қиынға түспейді. Тағы бір байқағаным дарынды бала өз ойын салмақтап, қалай жасау қажеттігін ойланып, өзін-өзі реттеп алып, жұмыс жасайды ,көп уақытын жоғалтуы да мүмкін. Бірақ жұмысты нақты , жүйелі орындап шығады. Оқушының дарындылығын үйге берілген тапсырманы тексеру барысында да анықтауға болады.

Осы курстан менің алған тағы бір үлкен әсерім: үлкендердің көмегінсіз балалардың өзін-өзі реттеуге үйренуі. Барлық сабағымда әлеуметтік жұмыс атқарылды, мен тек қана бағыт беріп отырдым.

Менің мектепке тәжірибеден өтуге барғанымда әріптестерім сабақ өту барысының өзгергенін, оқушылардың іс -әрекетіндегі өзгешелікті байқады және ол өзгерістің оң нәтиже беретініне сенімдерін білдірді «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кезінде сабақта баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артады. Сабақта тек білімділік ді осы мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырады. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы одан алған әсерін не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екені жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен таныстырады. Оқушылардың алған білімдерін қорытуға және оған сын көзбен қарауға, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.Күнделікті оқыту барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне басқа сын көзбен қарап ,баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттардыөз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой бөлісу болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Сыни тұрғыдан ойлауға қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс жатады. Енді осы кезеңдердің мақсат, міндеттеріне толығырақ тоқталып өтсем: Қызығушылықты ояту. Үйрену барысында бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады және кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылған тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтастыру», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Ойын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Сабақ барысын жаңаша ұйымдастыруы қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Әр мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек . Мен де өзімнің іс-тәжірбиемде сабақтарыма жаңа әдіс-тәсілдерді көп қолданамын деп ойлаймын .Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Осы уақытқа дейін бес балдық жүйемен оқушыларды бағалап келсек, енді жаңа әдіс бойынша формативтік және жиынтық бағалауға көшеміз. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады . Формативтік және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілген оқуды бағалау және нақты мақсатты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің қандай сатыда тұрғанын , қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру. Берілген анықтаманың маңызды бөлігінің бірі оқушылардың қажетті қолдануына баса назар аудару болып табылады. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы емес сонымен қатар оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалайды. Оқушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену қажет. Сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы жүргізу қажет. Кері байланыстың сабақ соңында жүргізілуі сол сабақты қаншалықты түсінгендігін, қызығушылығын қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталған. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар қол жеткізген деңгейі мен ара қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен әдіс-тәсілдер балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты,атап айтқанда тыңдау мен зерттеу арқылы оқу мән мәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу дағдыларын игерту.

Оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Мұндай сәтте жауап дұрыс болмай қалған жағдайда басқа жауапберетін оқушы бар ма деп өзім қайта бағыттап отырдым. Егер оқушылардың қойған сұрақтары өз ойымнан шықпаса мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Оқушылар арасында пікірлесу, әңгімелесу оңой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады. Оқуды тиімді бағалау,білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау, оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет.оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені кез-келген істі орындаған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды.

Әріптестерімнің сөзіне қосыла отырып «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» — деген мақалды ұстанымға алсақ, болашақта балаға білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалансақ, еңбегіміздің жемісін көруге болады деген ой қостым.

Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы керектігін түсіндім. Негізгісі – мұғалімнің оқушыға деген сенімі болып, оның «оқушы рефлексия жасай алмайды» деген ұғымнан арылуы. Мектептегі тәжірибе кезінде қолдануға болатын рефлепрактикумдардан мысалдар келтіре кетсек: информатика сабағында оқушылар өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, смайликтер арқылы бағалау, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса біледі. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау болмақ. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы стикерлерге түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Ол философияда – адам санасының өз әрекетіне, өзіне бағытталуы; психологияда – субъектінің өзінің ішкі психикалық жағдайларын өзі тануы; әлеуметтік психологияда — өзін ғана танып қоймай, өзін басқалар қалай бағалайды, өз позициясымен ол қалай үйлеседі турасында ойлануын білдіреді. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.

Қорыта келгенде курсты аяқтаған соң, мектепте басқаша жұмыс жасайтыныма сенімдімін. Әлі де менің үйренетінім көп. Маған осы курс өте ұнады. Мен сияқты жас мамандар осы тәсілмен жұмыс жасаса, алдындағы отырған оқушылар келешекте өз алдына мақсат қоя білетін, биік шыңнан көрінетін азамат болып шығатынына мен сенімдімін деп сөзімді аяқтағым келіп отыр.