ушкан уя

Күні: 14.02.2013

Класы: 8 «Б»

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Мақсаты:

Білімдік: Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру «Ұшқан ұя» хикаятындағы ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығы туралы ой бөлісу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Бауыржан Момышұлының жеке қасиеттерін үлгі ете отырып, ұлттық тәлім-тәрбиені бағалауға, елжандылыққа тәрбиелу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау.

Көрнекілік: жазушы портреті.

Сабақ барысы:

І ұйымдастыру.

ІІ үй тапсырмасын сұрау: Ғабит Мүсірепов «Ананың ансы».

ІІІ Жаңа сабақ:

Көшіп өткен кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған.

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты,

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы.

Даңқ туын майдандарда көтерген,

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Сырбай Мәуленов





Кіріспе сөз: Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5рет өлімнің құрсауында қалғанын, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

Қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен өз биігіне көтерілді.

«Ескертпе» өлеңінен үзінді:

Найзадан қол босаса, қалам алдым,

Толғанып оқиғаны көп ойладым.

Тырмысып әл келгенше көргенімді,

Жалтақтамай,именбей, ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып, күнім жақын,

Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.

«Ұшқан ұя» мәтінін тізбектей оқыту.

Оқыған жерлерді түсіндіріп отыру,

Оқушылармен бірлесе жоспар құру.

Мәтін бойынша сұрақтар қою

1. Үзіндіден ұлттық тәлім –тәрбиенің қандай үлгілерін байқадыңдар?

2. Айтыс дегеніміз не?

3. Бата дегеніміз не?

4. Қандай әдет –ғұрып байқадыңдар?

Айтыс – әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы.

Бата – ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Бірнеше түрлері бар: шілдехана батасы, Наурыз батасы, дастарханға бата, алғыс бата, теріс бата, т.б.

Үй тапсырмасы: Б. Момышұлының нақыл сөздерін жаттау. Мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалып келу.

Бағалау: