ушкан уя 2 саг

Күні: 15.02.2013

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» (2-сағаты)

Мақсаты:

Білімдік: Бауыржан Момышұлының өзге де шығармаларымен таныстыру, жазушының кітаптарын оқуға бағыт беру.

Тәрбиелік: Бауыржанның тұлғасын таныта отырып, оқушыларды елін, жерін қалқысыз сүюге үйрету. Қазақы салт-дәстүрлерімізді, тәлім-тәрбиені насихаттау. Ұлттық құндылықтарымыздың бағасын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеп, терең ойлауға дағдыландыру. Көркем әдебиет оқуға төселдіру.

Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдері: баяндау, ой-бөлісу.

Көрнекілігі: жазушының және жазушы ұрпақтарының суреттері.

Пәнаралық байланыс: тарих, фольклор.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІҮй тапсырмасын сұрау.

«Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұны. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін кезектестіре сұрап шығу, мағынасын сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ:

Сонымен, оқушылар батыр атамыз Бауыржаның өмір жолын ұға алдықпа?

2010 жылы Батырдың туғанына 100 тойланып өтті. Соған орай Алматы қаласында батырға арнап ескерткіш ашылды.

Осындай даңқты батырдың артында қазірде ұрпақ барма деген сұрақ кімді де болса қызықтырады. Батырдың Бақытжан деген бір ұлы бар және Зейнеп Ахметова деген келіні бар.

Бақытжан Бауыржанұлы жазушы аудармашы. Биыл 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды.Ол 1941 жылы 3 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Некрасов атындағы №10 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ш.Мұртазаның «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын асқан шеберлікпен, сәтті аударған.Бірнеше әңгіме, повесть, романдар жинақтары жарық көрген.Қаламгердің қаламынан туған «Добрые мосты», «Раскаленные камни», «Прозрачные льдины», «Тихие голоса», «Я еще ребенок», «Когда ты рядом», «Мен әлі сәбимін», «Восхождение к отцу», «Дети-Великаны», «Жанымның жарық жұлдызы», «Во имя отца», «Звезда брата», «Турксиб – земля полководца», «Сыновья Великого Волка», «В поиске света», «Путь Огненного Орла», «Сердце Волка», «Орда алая и Мечеть белая», «Преломление Света» сияқты кітаптары қалың оқырман қауымнан, сыншылардан жоғары бағасын алып, әдебиеттің алтын қорына қосылған көркем дүниелер. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Бірнеше мәрте Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болып сайланған. Медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.Қазақтың даңқты батыры, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының соңындағы ізін жалғастырар ұрпағы болған, аяулы жар, ардақты әке бола білген сабырлы қалып, сырбаз мінезді, өмірде қарапайым, адамгершілігі мол қаламгер-аудармашы үлкен қажыр-қайратпен талмай еңбек етіп еді. Әдебиеттер достығына алтын көпір бола білді.Ал, батырдың келіні кім дегенге келетін болсақ,ол жазушы және халық педагогикасын насихаттаушы. Зейнеп Ахметова көп балалы дәрігерлер отбасынан шыққан, тоғыз ұлдан кейінгі жалғыз қыз. Бала күнінен-ақ үй шаруасымен қатар, кесте тігіп, қол өнерге қызығып, қазақ аруына тән қасиеттерді бойына сіңіре білген жан болған.

Сонымен қатар, батырдың, Ержан деген немересі бар.

І. Оқушыларға бір-біріне Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылғынан, «Ұшқан ұя» шығармасынан сұрақтар қойдырам.

Үй тапсырмасы: «Мен таныған қаламгер» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.

Бақытжан Бауыржанұлы:

Заманының аңызы болған, бүгiнде намыс пен қайраттың өлшемiне айналған Бауыржан Момышұлының алған тәлiмi, өз ұрпағына берген өнегесi қандай? Адуынды полковник сұр шинелiн шешкенде қандай адам едi? Қанша айтылса да жұртшылықты сүйсiндiруден талмайтын Баукең туралы бiз де «Кiтап және кейiпкер» айдарында сөз қозғауды жөн көрдiк. Әңгiмемiздің арқауы — «Ұшқан ұя» романы. Өткен күндер естелiктерiн парақтап, әке жайлы толғанған — батыр-жазушының ұлы Бақытжан Момышұлы. Кеңес үкiметi кезiнде кiтап шығару бiр азап едi ғой. Әкемнiң «Ұшқан ұясы» да бiраз уақыт қолжазба күйiнде сүрленiп жатып қалды. Тек Ресейдiң Калининградында жарық көргеннен кейiн барып Қазақстанда тасқа басылды. Әкем кейiн жазушы Тұтқабай Иманбековпен бiрiгiп қазақшаға аударды. Үстiнен қосып, толықтырды. «Ұшқан ұя» жазылғанда да, қазақшаға аударылғанда да әкемнiң жанында болған жоқпын. Әкем бұл шығармасында өзiнiң бала күнгi өмiрiн, басынан өткен оқиғаларын әңгiмелейдi. Бiрақ көрген-бiлгенiн тiзе бермей, болашақ батыр Бауыржанға берiлген тәрбиенi танытатын, тағылымға толы эпизодтарды баяндайды. Бабам Имаштың әкеме берген батасы, әжемнiң айтатын ертегiлерi, атам Момыштың турашылдығы, Аққұл, тете шалдар сияқты ақсақалдардың көшелiлiгi, Момынқұл атамның батырлығы… бұның бәрi тектiлiктiң көрiнiсiндей едi. Ел арасындағы даудың ескi жолмен шешiлгенiн, көкпар ойынының қалай өтетiнiн, бесiк жырының үлгiлерiн, қыз бен жiгiт айтысының үзiндiлерiн тәптiштей жазады. «Партия, партия» деп дiлiнен айырылып бара жатқан ұлтының құндылықтарын қағазға бiр түсiрiп қояйын деген болуы керек. Шығармада айтылатын Ганчаровтар отбасының ұрпағын былтыр әкемнiң 100 жылдық мерейтойында көрдiм. Иван Ганчаров деп таныстырды өзiн. Бала-шағасы бар, өздерi өсiп-өнiп жатыр екен.

Шығармада айтылғандай, әкемдi Момынқұл атам шоқынып кетесiң деп, әуелде орыстың оқуына жiбермей қойған. Сөйтiп, алғашқыда әкем молдадан хат таныған. Кеңес үкiметi тұсында молдалар туралы терiс пiкiр қалыптасты. Содан әлi құтыла алмай келемiз. Бiлiм тек қана ғылымнан тұрмайтыны анық қой. Әкемнiң молдадан алған бiлiмi мықты едi. Москва үшiн шайқасқан жауынгер, дiнсiз қоғамның ардақты азаматы бола тұра, Құранды оқыған, хадистердi таныған, Шығыс маржандарын зерделеген, дiни әдебиеттердi көп қараған адам — аузынан Алласы түспейтiн едi. Абайды ерекше көретiн. «Қазiргi Абайды бiлем деп жүргендердiң 90 %-ы мүлде дұрыс түсiнбейдi. Абайды түсiну үшiн сопылардың тiлiн бiлу керек», — дегенi бар. Мысалға, «Айттым сәлем, қаламқас» дегендегi «қас», яғни «қаш» сопылардың тiлiнде Құран деген сөз. Абайдың жыл мезгiлi туралы өлеңдерi де ғарыштық уақыт заңдылығына арналған. Эон, Калька деген ауыт өлшемдерi болады. Гете өлеңдерiн «Биссiмилләһи-р-рахманир-рахим» деп бастағанын қазiр жұрт бiле бермейдi», — деп, бұрын мен ешқай жерде естiмеген әңгiмелердi айтатын. «Батыстың көп ғалымдары ашқан физикалық заңдарды алғашқыда Шығыстағы ислам ғұламаларынан алған», — дейтiн: «Эинштейннiң салыстырмалық заңы Хазiрет Иннаят ханның кiтабында бар». Осы сияқты әңгiмелердi өзiнiң жақын, сенiмдi деген адамдарына айтып отыратын. «Ұшқан ұяда» Ганчаровтардың үйiне барғанда иконаларға тесiлiп ұзақ қарадым дейтiн жерi бар. Оны да тегiн жазбаған. Аллаға серiк қосу — күнә екенiн естен шығармайтын әкемнiң иконалар туралы ойы тереңде едi. Салт-дәстүрдi де өте құрметтейтiн. «Қазақтың дәстүрi — салынған iз, қаланып бiткен дәлiз. Онымен жүрсек ешқашан адаспаймыз. Ал одан айырылсақ, күнiмiз қиын болады. Дiн ешқашан да дәстүрге зиянын тигiзбеуi керек», — деп әрiден ойлайтын. Көрiпкелдiк қасиетi де бар едi. Бiрде ауруханада жатқанында жанындағы қарияны алып кетуге ұлы келдi. Әлгi қарияның көңiл-күйi жақсы боп көрiнген бәрiмiзге. Әкем түнерiп отырды да қарияның ұлына: «Дайындала бер, әкең бүгiннен қалмайды», — десiн. Әкесiн өлiмге кiм қисын, ана жiгiт ренжiп кеттi. Сол түнi қария о дүниелiк болыпты. Тура сондай жағдай екiншi рет қайталанды. Әкем Әбдiлда көкемнiң үйiнде отырғанда Үбиан апамды со кiсiнiң ұлы Сапарбай ертiп келедi. Әпкесiн көрген әкем амандасқаннан кейiн «Үйiңе қайт, Сапарбай дайындалсын», — дейдi әмiр еткендей. Сөзiне онша сене қоймаған әпкесi iнiсiнiң айтқанын iстеп, ауылына қайтады. Сөйтiп, таңға жақын дүние салған екен. Өзi әл үстiнде жатқан кезде де сол қасиетiн тағы бiр танытқаны бар. Ресей империясына қосылғанымызға пәлен жыл болды деп, осында тойдың қамы жасалып жатыр едi. Сондағы айтқаны ғой: «Орысқа қосылсаңдар, өздерiң қосыла берiңдер, мен кетемiн», — деп. Артынша өмiрден өттi. Менiң орыс мектебiне барғанымды ойлап қамығатын. Бiр келгенiнде анама: «Ауылдың осында оқып жатқан студент балаларын үйге жиi шақырып тұр. Бақытжан мектепте орысша сөйлейдi екен, үйде бiр мезгiл қазақша сөйлесiн», — деп, тапсырмасын берiп кеттi. Өзiм құралпы балалар каникулда Мәскеуге, Ленинградқа, Қырымға кетiп жатады. Мен де барғым-ақ келедi. Бiрақ әкем ауылға жiберетiн. Iштей ренжiп жүрушi едiм. Бiрақ қазiр қуанамын. Аллаға шүкiр, соның арқасында өз ұлтыма өгей болып қалмадым. Соншалықты шешен болмасам да, ойымды жеткiзiп, еркiн әңгiмелесе аламын. Қаншама құрбыларым қазақшасының ақсақтығынан азап шегiп жүр. Жалпы, жас кезiмде әкеме көп ренжiген адаммын. Бала кезiмде жанымда болмады. Әскерде жүрдi, Ресейде болды. Анда-санда бiр келедi. Сол үшiн менi тастап кеттiң деп айыптадым. Бiрақ кейiн оным қате екенiн түсiндiм. Кей адамдарды «сегiз қырлы, бiр сырлы» деп жатады. Ал әкемнiң қыры сегiзден де көп едi. Ол кiсiнi түсiну мүмкiн емес. Кiм бiледi, әкем де маған ренжiп кеткен шығар. Қай әке баласына риза болушы едi. Достарының айтуынша, өкiнетiн де кездерi болыпты. Дмитрий Снегиннiң жазғандарына қарасақ, әкем отбасының жылуын аңсап, менiң апамды сағынады екен. Ендi, ол — әке, мен — бала. Әкемнiң өмiрiн талқылау менiң еншiмдегi нәрсе емес. Қазiр әкем туралы әртүрлi әңгiмелер айтылып жатады. Мынауың ойдан шығарылған десең, «Сен не бiлесiң?», — деп, өзiңе тиседi. Кейде тiптi, күлкiң келедi. Әйтеуiр халықтың махаббаты ғой деймiз де қоямыз. Құдай содан айырмасын.

Мұқағали Мақатаев

«Ағаға»

Бауыржан Момышұлына арнау

Саған білмеймін не айтарымды

қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой көмейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.

Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.

Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,

Heгe көңіл, білмеймін, ақтарылды?!

Ақ тұлпарым бар еді саған деген

Алып ұшпай ол неге аңтарылды

Сен зәру емессің ғой құрметке,

Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен…!

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен

Тартар сыйым өзіңе болмағасын,

Белгілі ғой қасыңа жоламасым.

Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,

Назарына ешкімнің ілікпеген.

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.

Ешкімнің назарына ілікпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.

Қандай сый тартсам екен, аға саған,

(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?

Ешбір сый таба алмасам, аға, саған

Аппақ тонын — атамның тәбәрігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.