ТЕСТ 2 курс

І нұсқа

1.Қай дауысты дыбыс әрі жуан, ашық, еріндік болатынын көрсетіңіз. А) н В) у С) а Д) о Е) ы 2. Тек бітеу буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.

А) белгімен В) бөлме С) көркемде Д) балталы Е) бөрткен

3. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

А) Сөзсіз, соның ізі. В) Шабындық шабылды С) Аңыз-әңгіме естиік. Д) Әміржан ән айтты. Е) Жастардың өнері.

4. Өздік есімдігінің соңғы қосымшасын табыңыз. Өзіңе жамандық тағылмауын тілеймін.

А) жатыс септік В) жіктік жалғау С) көптік жалғау Д) тәуелдік жалғау Е) барыс септік

5. Мекен үстеуді табыңыз.

А) амалсыздан В) анағұрлым С) әжептәуір Д) кенеттен Е) әрмен

6. Шылау сөзді тіркесті көрсетіңіз.

А) Судьялар ешкімге тәуелді емес В) Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. С) Шығысқа дейін жүретін

жол ұзақ. Д) Бұл жігітті қызметке алу керек. Е) Тастан сарай салғызды.

7. Сөйлемдегі еліктеу сөздер қай сөйлем мүшесі: Тасыр-тұсыр дауыстан селк етіп, орнынан атып тұрды.

А) анықтауыш, баяндауыш В) баяндауыш, анықтауыш С) бастауыш, баяндауыш

Д) пысықтауыш, бастауыш Е) толықтауыш, пысықтауыш

8. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) шаң сорғыш, тоң май. В) жегжат адам, соқыр ішек С) құс жолы, Баян сұлу Д) сөз жұмбақ, алты бақан.

Е) ат қою, ақ сүйек

9. Туынды сөз тіл білімінің қай саласына жататынын табыңыз.

А) пунктуация В) фонетика С) морфология Д) лексика Е) синтаксис

10. Жалпы есімді табыңыз.

А) Сырдария В) Тау С) Жамбыл Д) Балқаш Е) Бетпақдала

11. Сапалық сын есімді табыңыз.

А) қалалық саябақ В) түнгі аспан С) күзгі табиғат Д) еріншек бала Е) үлкен үй.

12. Топтау сан есімді табыңыз.

А) алпыстай В) қырыққа таяу С) екі жарым Д) ондаған Е) екіден

13. Басыңқы сыңарын көрсетіңіз. Әрине, орындаған сенсің.

А) Үстеу В) Есімше С) Тұйық етістік Д) Есімдік Е) Етіс

14. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

А) Күліп жібере жаздады В) Түн іші С) Ол ертең келеді Д) Алты жүз жетпіс Е) Қызық оқиға

15. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ. В) «Осы күні сол ара – жайнаған қызыл гүл»,- дейді. С) Балалардың соңғы ермегі – «Ақсүйек», «Соқыр теке». Д) Сен дегенде сөз бар ма? Е) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

16. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.

А) қырға шығу В) жүйрік ат С) он шақты адам Д) күлін көкке ұшыру Е) толған ай

17. Қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді табыңыз.

А) Өзгеге көңілім,тоярсың. В) Өзгеге: көңілім, тоярсың. С) Өзгеге көңілім – тоярсың. Д) Өзгеге, көңілім тоярсың. Е) Өзгеге, көңілім, тоярсың. 18. Толымды сөйлемді табыңыз.

А) Досанның қайтадан барғысы келді В) Палаткалар апарып тігеміз. С) Біз ертең жиналысқа кешікпей баруға тиіспіз.

Д) Қандай тамаша! Е) Сізге сәлем деді.

19. Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. В) Бәрі де дала қостарына, егістікке аттанып кетті. С) Биыл жаңбыр көп болды, егін мол болды. Д) Кескіні әрі суық, әрі жат болды. Е) Жері биік болғандықтан, жеміс өседі, бірақ піспейді.

20. Етістіктен болған синонимдерді табыңыз.

А) халық, көпшілік В) ерінбейді, жалықпайды С) қария,қарт Д) дидар, шырай Е) айла, тәсіл

21. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.

А) тұсы, тарағы В) төбесі, бұрғы С) ортасы, жүрісі Д) маңы, жеңіл Е) жаны, арасы

22. Еліктеуден жасалған етістікті көрсетіңіз.

А) жазғыш В) ақша С) жалпай Д) есірке Е) жомарт

23. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Осы-ақ елді менсінбей жүреді екен. В) Махаббат деген осы ма? С) Ән мен күй әрқашан қуаныш сыйлайды.

Д) Сен ғашық болыпсың-ау. Е) Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билеп әкетеді.

24. Меңгеруді көрсетіңіз.

А) құлынды бие В) Қобыланды батыр С) арды сақта Д) әдейі келді Е) ол барған-ды

25. Үтір неге байланысты қойылғанын табыңыз. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ қонбайды.

А) мезгіл бағыныңқылы сабақтас В) шартты бағыныңқылы сабақтас С) түсіндірмелі салалас Д) қимыл-сын

бағыныңқылы сабақтас Е) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

26. Философия, лексикология терминдері қай стильде кездесетінін анықтаңыз.

А) ресми іс қағаздар В) публицистикалық С) ғылыми Д) көркем әдебиет Е) ауызекі сөйлеу

27. Еркін тіркесті көрсетіңіз.

А) мұзға отырғызу В) жолыққан еді С) қара торы Д) көрікті жер Е) жүз елу

28. Қатыстық сын есімді анықтаңыз.

А) ақшыл В) қымбат С) аттылы Д) тәтті Е) жарық

29. Қыстырма сөз мағынасын табыңыз. Мүмкін, жас шағын еске алған шығар.

А) ой реті В) адам көзқарасы С) қорытындылау Д) сендіру Е) сенер-сенбестік

30. Сабақтасты анықтаңыз. Жер тоймай, ел тоймайды.

А) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас В) мақсат бағыныңқылы сабақтас С) шартты бағыныңқылы

сабақтас Д) себеп бағыныңқылы сабақтас Е) мезгіл бағыныңқылы сабақтас

ІІ нұсқа

1.Езулік дауыстыларды көрсетіңіз.

А) н, й В) у, ө С) о,ү Д) б, и Е) ы, э

2. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) көлеңке В) шоқжұлдыз С) жерұйық Д) өсімдік Е) мұражай

3. Үстеуді анықтаңыз.

А) гүрс-гүрс В) сары С) жүз бес Д) кенет Е) шәкірт

4. Қарсылық мәнді жалғаулықты табыңыз.

А) да, де В) сондықтан, өйткені С) мен, бен Д) егер, егерде Е) дегенмен, сөйтсе де

5. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

А) ғимарат В) ұстаз С) сана Д) терек Е) журнал

6. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) бара жатыр В) жиырма екі С) қара торы Д) көк шөп Е) екіден бір

7. Болжалдық сан есімнің жұрнағын табыңыз.

А) –ау,-еу В) –ыншы,-інші С) –дан,-ден Д) –дай,-дей Е) –лар,-лер

8. Дыбыстық еліктеуіш сөйлемнің қай мүшесі, табыңыз. Ақ боз ат ауыздығын қарш-қарш шайнады.

А) пысықтауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) бастауыш

9. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді. В) Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем. С) Ән кеші басталды.

Д) Екі батыр шаңды қардай боратты. Е) Әрине, қиындықтар кездеседі.

10. Омоним болатын сөзді анықтаңыз.

А) буын В) оқулық С) желп-желп Д) сызғыш Е) қозы

11. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.

А) жап-жасыл В) ағалы-інілі С) бала-шаға Д) үп-үлкен Е) құда-жекжат

12. Табыс септігінде жасырын тұрған жалғауды табыңыз.

А) ел қуанышы В) қызыл көйлек С) жүк көтеру Д) наурыз айы Е) қызмет ету

13. Бағыныңқысы есімдікпен келген тіркесті табыңыз.

А) онның жартысы В) інісінің баласы С) жаманның кесапаты Д) мынаның кесірі Е) айтқанның жазығы

14. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) асыл тас В) жақсы жолдас С) туған жерім Д) аң аулау Е) тауы шағылу

15. Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді табыңыз.

А) Айдалада бес-алты тас үй. В) Уілдеген желді түндер. С) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Д) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Е) Ол Мейрам ұстаны қатты сыйлайды.

16. Мәтін ішінде кездесетін төл сөздің басы мен аяғында қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) қос нүкте В) тырнақша С) көп нүкте Д) үтір Е) сызықша

17. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз. А) қант В) ант С) анар Д) баспана Е) бұрғы

18. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

А) әдемі қыз В) Қаратау маңы С) әр адам Д) Текшетас тауы Е) қай уақыт.

19. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Менің бұл сөзге қосылғым келмейді. В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. С) Оның келгісі келді.

Д) Еңбексіз құр жүруге болмайды. Е) Қалың қар жауды.

20. Қыстырма сөзге қай қатарда лайықты анықтама берілгенін табыңыз.

А) өкінуді білдіретін сөздер В) біреудің назарын аударушы сөздер С) толық мағынасы бар сөздер

Д) оқшау сөздің бір түрі Е) көңіл-күйді білдіреді

21. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

А) орта мектеп В) бекер қиналу С) Мұраттың жоспары Д) жиналыстан кейін Е) дәл өзі

22. Есімшені анықтаңыз.

А) жүргелі В) жүре С) жүрген Д) жүріп Е) жүр

23. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) одағай В) сын есім С) үстеу Д) зат есім Е) еліктеуіш

24. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әдейі танытайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты. В) Түн. С) Ағам келетін уақыт болды.

Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е) Ол сөзге шыдап отыра алмай,

біресе тұрды, біресе отырды.

25. Мен, шынымды айтайын, қобалжып тұрмын. Тыныс белгісінің қойылу себебін табыңыз.

А) айқындауыш В) бірыңғай мүше С) қыстырма сөзі Д) қаратпа сөз Е) одағай 26. Жай сөйлемді анықтаңыз.

А) Таң сібірлеп атты В) Ауылдың маңы С) Тон пішер Д) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші

ауылға барғанмын Е) Сырын жасырмау

27. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

А) Бала, бала деп құрақ ұшады В) Бала тілі –бал С) Бала, баланың ісі – шала Д) Ескертуден қоры-

тынды шығар, бала. Е) Келіп кеткен – сол бала.

28. Сын есімнен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

А) Тау жақтан ескен самалдың лебі салқын. В) Оларды салқын бөлмеге кіргіздік. С) Қыста салқын суға

түскен жөн. Д) Жолдасы оған салқын қабақ танытты. Е) Солтүстіктен салқын жел есті.

29. Белгісіздік есімдігін табыңыз.





А) бәріміз В) біреу С) бәрі Д) барша Е) күллі

30. Деректі зат есімді анықтаңыз.

А) ғимарат В) ғылым С) ғажайып Д) сана Е) зерек

ІІІ нұсқа

1. Дауысты дыбыстар санын анықтаңыз. А) 14 В) 12 С) 11 Д) 13 Е) 10 2. Ұяң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

А) қонақ В) іңір С) тағала Д) қаз Е) бала

3. Дыбыс үндестігін тағы қалай атауға болатынын көрсетіңіз.

А) орфография В) екпін С) сингармонизм Д) ассимиляция Е) орфоэпия

4. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) баспана В) бұрғы С) өрт Д) анар Е) қант

5. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Қаракүйе В) Кішкентай С) Өскемен Д) Сырдария Е) Қартқожа

6. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

А) биыл В) үшеу С) халық Д) үлкен Е) аула

7. Сапалық сын есімді табыңыз.

А) жазғы В) балалық С) қалалық Д) көркем Е) таулы

8. «Қанша? Неше?» сөздері есімдіктің қай түріне жататынын анықтаңыз.

а) жалпылау есімдігі В) сілтеу есімдігі С) өздік есімдігі Д) белгісіздік есімдігі Е) сұрау есімдігі

9. Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.

А) –е В) – й С) – а Д) – ып Е) – у

10. Шылауды анықтаңыз.

А) алақай В) сайын С) әйтеуір Д) тәтті Е) әже

11. Айылын жимау – тіркестің түрін ажыратыңыз.

А) тұрақты тіркес В) матасу С) меңгеру Д) жанасу Е) қиысу

12. Деректі зат есімді көрсетіңіз.

А) ақыл В) қуаныш С) қалам Д) сұлу Е) тәкәппар

13. Топтау сан есімді белгілеңіз.

А) бәйтерек В) әркім С) әйгілі Д) үш-үштен Е) туып-өскен

14. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Оның құлағына гүріл естілді.

А) пысықтауыш В) бастауыш С) анықтауыш Д) баяндауыш Е) толықтауыш

15. Қап, түге, тәйірі – одағайының білдіретін мағынасын табыңыз.

А) таңырқау В) қоштау С) таңдану Д) наразылық Е) сүйсіну

16. Себеп-салдар үстеулі тіркесті табыңыз.

А) алда жүреді В) бірен-саран адам С) артта келеді Д) бірден келді Е) босқа келді

17. Қарсылықты-бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Еңбек ана – білім қазына В) Ексең егін, ішерсің тегін С) Шіркіннің киген киімінде бір

кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше. Д) Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келді.

Е) — Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.

18. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрметіңіз.

А) Сексенді екіге бөл В) Қызыл шұбары –он үш С) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Д) Отыз онға бөлінеді Е) Сабақты екеулеп оқыды.

19. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін анықтаңыз.

А) жалпы В) айнала С) бауыр Д) бұлар Е) бұдан

20. Есімшенің жұрнақтарын анықтаңыз.

А) –пақ,-ып,-п В) – нан,-нен С) –атын,-ер,-ген Д) –е,-мақ,-қан Е) –ғалы,-мақ,-а

21. Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз.

А) Жүгіріп еді, сонда да кешікті. В) Не мен, не сен айт. С) Оқуға да, жұмысқа да үлгереді.

Д) Біз ертең-ақ жетеміз. Е) Бірде бар, бірде жоқ.

22. Одағай сөзді белгілеңіз.

А) Сіңлім құрақ құрап отыр. В) Көңілім менің құрақ-құрақ. С) «Құрау-құрау» деп атам малдың

жолын тосты. Д) Құрақ – ұлттық өнер. Е) Құрақтап тігу.

23. Сөйлем түрін анықтаңыз. Орал қаласы.

А) жақсыз В) толымсыз С) толымды Д) атаулы Е) жақты

24. Үтір не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз. Құс қалықтайды, ұшады, сайрайды.

А) бірыңғай баяндауыш В) құрмалас сөйлем С) қаратпа Д) қыстырма Е) оқшау сөз

25. «Ашуланды» деген мағынаны білдіретін тұрақты тіркесті көрсетіңіз.

А) Бұлқан-талқан болды В) Салы суға кетті С) Бетінен оты шықты Д) Аузының суы құрыды

Е) Іші-бауыры елжіреді. 26. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Қалың ел ұйқыда жатыр. В) Ана түн ұйқысын төрт бөлді. С) Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып.

Д) Бала тәтті ұйқыда жатыр. Е) Ұйқың келсе қара жер болар мамық.

27. Дара толықтауышты табыңыз.

А) Ол еңбек жолын енді бастады. В) Ағам үй ішіндегілерге сәлемдесті. С) Қырық бесті он беске бөл.

Д) Бейсен Жомартты кейін қайтарды. Е) Олар су қоймасын аралады.

28. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) суық мезгіл В) суық хабар С) салқын ауа райы Д) жүйрік ат Е) тез жеткізу

29. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз.

А) қисалаң В) саңқ С) арбаң Д) жалт Е) жарқ

30. Болымды етістікті анықтаңыз.

А) келтірме В) берген емес С) айтқан жоқ Д) айқайлама Е) ойла

ІV нұсқа



Страницы: 1 | 2 | Весь текст