ТАРИХ ШПОР 1 КУРС

1. Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның археологиялық ескерткіштері.

Тас ғасыры 4 кезеңнен тұрады (800 мың жыл-ң 2 м.ж.)

1. палеолит (көне) 800-12 м.ж.

2. мезолит (орта) 12-5 м.ж.

3. неолит (жаңа) 5-3 м.ж.

4. энолит (мысты тас ғасыр) 8-2 м.ж.

Палеолит 3-ке бөлінеді

1.ерте палеолит(төменгі) 800-140 м.ж.

2. орта палеолит (орта) 140-40 м.ж.)

3. кейінгі палеолит (жоғарғы) 40-12 м.ж.

Аналық ру қалыптасты, матриархат. Адамдардың алғашқы шаруашылығы – терімшілік.

Палеолит дәуірінің мәдениеттері:

1. Олдувай табиғаты дайын тастарды пайдалану. 2. жұмыр тасты пайдалану; 3.мусьте, кремний, ажұр кварц тастарды пайдалану. 2-3 қырлы тастар шапқы, шоперлер дайындау. Кейінгі палеолитте отты пайдаланып жаға білген. Алғашқы адамның қонысы – Сыр бойы, Қаратау жотасы, бөріқазған, тәңір қазған, шабақты (оңт.Қазақстан) қоныстары табылды. Мезолит садақ, жебе, бумеранг ойлап табылды. Таспен қоса ағаш, сүйек пайдаланды. Қауымдастық ру қалыптасты. Ауа райы жылып аса ірі аңдардың құрып кетуі. Неолит (5-3 м.ж.) тасты өңдеудің жоғарғы дәрежесін игеру. Жабайы аңдар қолға үйретілді. Жер төле баспаналар болған. Мал шаруашылығымен айналысқан, саз балшықтан құмыра жасаған, ою өрнек салған, тоқыма өнері дамыды. Энолит (3-2 м.ж.) тас пен қоса мысты пайдаланған бірақ тастан жасалған бұйымдар әлі де көп еді. Кетпенмен жер өңдеу.

2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі және оның археологиялық ескерткіштері.

Мысқа қалайы қосу арқылы қола өңдірген. 2 мәдениет болды: 1. Андронов мәдениеті; 2. Беғазы Дандыбай мәдениеті.

1914 ж. Очинск қаласының маңында Андронов деревн. Қола дәуіріне жататын темір-ң табылды. Олардың шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Андронов кезеңінде 2 түрлі жерлеу рәсімі болды: 1. өртеп жіберген (алғашқы кезең); 2. аяқ қолын бүгіп басын құбылаға қаратып бір жағымен жатқызу (орта кезең). Қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас баспаналарда тұрған. Олар европоидтық нәсілде болған және көне түркі телде сөйлеген. Орталық Қазақстанда шалқасынан жатқызып жерлеу болған тура Атасу кез-і болған. Матриархаттың патриархатпен ауыса бастауы. Мал өсіру, жер шаруашылығы өзеңдер мен көлдер жағасында қоныс табу. 100-ге жуық қоныстарының табылуы. Олар өлікті өртеп жібергендігі олардың отқа табынуын көрсетеді. Ал қол-аяғын бүгіп жерлеуі ана құрсағында жатқан баладай жатқызу болды. Өліктің басын батысқа қаратқандары ол о дүниемен байланыс жасау деген ұғым бар. Оларда құрбандық шалу да болған. Оларда ошақ киелі болып табылған. Жаңа түс-н кел-і ошақ бастарын айналдыру. Өлік шығ-а ошақ басынан айналдыру керек еді. Тастағы суреттер де көп бейнеленген. Қаратау жотасынан 49 соғыс арбасының суреттерін тапқан. Көбінесе тастағы суреттер Қаратау, Маймақты, Тарбағатай, Бөкентау жерінен табылған. Мал түрлерін де түсірген.

3. Сақтар: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті.

Темір дәуірі (б.э.б. 1 м.ж. ортасы ҮІІ ғ)

Темір қорыта бастаған, көшіп-қону, мал шаруашылығы дамыды. Рулар арасы жер-су үшін соғыстар, ру одақтарының қалыптасуы:

1. сақ, б.э.д. ҮІІ-ІҮ ғ

2. кангюй, б.э.д. ІІІ ғ

3. үйсіңдер, б.э.д. ІІ-І ғ

4. ғұндар, б.э.д. І ғ

Сақтардың терр. Қазақстан, Орта Азия. Оларды грек деректерінде скифтер, парсы деректерінде – құдіретті еркектер, иран деректерінде – жүйрік атты турлар деп атаған. Сақтардың 3 түрі бар: 1. тиграхауд – шошақ басты сақтар; 2. парадория – теңіздің арғы жағындағы сақтар; 3. хаумоварг – хаома сусынын дайындайтын сақтар. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, түйе ұстаған. Малдың етімен, сүтімен қоректеніп, малдың терісін, жүнін пайдаланған. Сақтар өміріңде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Жүйрік жарау әдемі аттарды көсемдер мен атақты жауынгерлер мінген. Сақтар парсы патшасы Кирмен соғысты. Сақ патшасы Томирис (Зарния). Томирис Кир патшаның басын алған. 519-518 жж. Парсы патшасы Дарий Жетісудағы сақтарға шабуыл жасап, сақтар жеңіледі. Сақ батыры Ширак Дарий әскерін шөл далаға апарып, өзі де өледі. Дарий әскерін де өлтіреді. 330-327 жж Александр Македонскийдің шапқыншылығына тойтарыс береді. Парсылармен бірігіп, гректерге қарсы Иарафон, Фермопиль шайқастарына қатысты. Ол Египет-Грецияда болған. 1969 ж. Алматы облысы Есік қаласынан 5 ғ. жататын 18 жасар сақ көсемінің мүрдесі табылған. Олардың нәсілі – Европоидтық көне түркі (үнді-иран) тілде сөйлеген, көне түркі жазу болған. Қызылордадан 300 шақырым жерде Ширақ-Рабат қаласы табылды. Ол апасиактардың астанасы болған. Археологиялық ескерткіштері: бесшатыр (Іле өзені), Есік (алтын адам).

4. Қаңлы мемлекеті: саяси тарихы және шаруашылығы.

Б.э.д. 3-2 м.ж. өмір сүрген. Терр. Сырдария мен Қаратау жотасы. Астанасы Битьян. Ақтөбеде қаңлы қоныстары табылған. Европоидтық нәсілде болған. Шаруашылығы көшпелі мал, отырықшы жер өңдеу. Қабырғалы бекіністер, лайдан үйлер салынған. Археологтардың жұмыстары арқылы сарай құрылғаны, әртүрлі әшекейлер, керамикалық бұйымдар табылған. Олар ірі әрі күшті мемлекет еді. Қаңлылардың этникалық құрамы өте күрделі еді. Олардың қай тілде сөйлегендері жайлы нақты дәлел жоқ. Литвинский қаңлылар иран тілді сақтардың ұрпағы деп ескерген. Самарқан обл. Қорған төбе қалашығында тасқа салынған суреттер табылды. Ол суретте атты мен жаяу әскер айқасы. Екіншісінде атпен аң аулау бейнеленген. Археологиялық ескерткіштер Шардарға таяу Сырдарияның оң жағалауында қоныстанған Ақтөбе мекені. Оңда Орда сарайы табылды. Қазба жұмыстарында ас әзірлеуге арналған ыдыс-аяқтар, су таситын ыдыстар, кеселер, құмырылар табылған. Оны күнделікті тұрмысқа пайдалана білген. Олар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер алтын мен қоладан жасаған. Шаруашылықтың ең маңыздысы мал шаруашылығы болған. Үй жануарлары: жылқы, қой, ешкі, сиыр. Балық аулаған. Алма, алмұрт, өрік теріп жеген.

5. Ғұндардың саяси және этникалық трихы.

Б.э.д. 1 ғ ғұндар билеушісі – шаньюй болған. Қытай жеріндегі ғұндарды Қазақстанның солтүстік жағына қарай әкелген. Қытайлар ғұндар шаруашылығын ұлы қытай қорғанын салдыруға мәжбүр еткен. Ғұндар өзара талас-тартыстан ақ, қара болып 2-ге бөлінген. Олардың бір бөлігі еділдің бастауымен Рим империясына шабуыл жасады. Халықтардың қоныс аударулары ғұн тайпасынан басталады. Б.э.д. 170 ж. Үйсіңдер ғұндарға қарсы күресте қытайлармен одақ жасады. Ғұндардың шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы, жер өңдеу, аң аулау. Оларда жылқы өсіру басты рөл атқарған. Себебі жылқы көшуге өте қолайлы. Олардың жылқының шоқтығы аласа дене бітімі, аласа, тығыз, басы үлкен. Олар тау қыраттарында, өзен-суларда емін-еркін жүре беретін. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Ғұндар патриархальді қоғамда өмір сүрген. Олар 24 руға бөлінген. Оларда жерге, суға деген жеке меншік болды. Олар тұтқын құлдарды бақташы, кәсіпқой, егінші ретінде пайдаланған. Олардың өкімет туралы мәлімет болса, оны шаньюй басқарған. Оған іле-шала түменбасы деп аталатын бекзаттар басқарған. Жазба деректерге қарасақ түменбашылар шаньюйдің аға-інілері, ағайын-туғандары болды. Түменбасылардың саны небәрі 24 еді. Деректерге қарағанда онда алым-салық болған. Оларда жазу-сызу да болған деген деректер бар.

6. Түркеш қағанаты: саяси тарихы, мәдениеті

Түркештер (704-766, 756 жж) Жетісуда 701 ж. Түркеш қағанаты құрылды. Олар жетісуды мекендеген сары үйсіндер ұрпағы, ордасы Суяб. Ірі сауда орталығы – Тараз. Түркештердің кезіңде алғашқы ақша, динар, дирхандар пайдаланды. Алғашқы қағаны –Үймелек, Саға Сұлу. 8 ғ. Басында түркештерге арабтар шапқыншылық жасайды. Ташкент, Бұқара түбінде шапқыншылық болады. 748 ж. Қытайлар Түркештердің Суяб қаласын басып алады. 751 ж. Талас өзенінің бойында арабтар мен қытайлар соғысады. Түркештер арабтар жағында соғысады. Жеңілген қытайлар түркештер жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Түркеш қағанаты өзара 2-ге бөлінеді. (сары, қара болып). 766 ж. түркештерді қарлұқтар басып алады.

7. Батыс түрік қағанаты мәдениеті. Ежелгі түріктердің Орхон-Енисей, Талас тас жазуы ескерткіштері.

Батыс түрік қағанаты (603-704 жж) өмір сүрді. Батыс түрік қағанатының орталық ауданы Жетісу болды. Терр. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі жерлер. 7ғ. Батыс түрік қағанаты 10 тайпа мемлекет атына ие болады. Б.Т.Қ.-на үйсіңдер, қаңлылар, түркештер, дулат, қарлұқ, теле, қыпшақ, оғыз, шығыл, басымал тайпалары енді. Жазғы ордасы Мыңбұлақ болды. Қаған – ең жоғарғы билеуші, қарулы күштердің қолбасшысы. Ұлық-орынбасар, Бұйрық-сот билігінің жүргізушісі, Тархан-сот қызметін атқарушы. Тудын – салықты басқарушы. Жабғу, шад, елтебер жоғарғы шешеңдері қаған жоғарғы шеңді туыстарына беріледі. Б.Т.Қ-ң негізгі халқын бодандар құрады. Тілі – түрік. Жазуы – Руна/Орхон, Енисей). 7 ғ. Б.Т.Қ.-на Қытай басқыншылық жасап, қағанаттығ құрамындағы түркеш тайпаларына қысымдық көрсетіп, Батыс түрік қағанатын жойды.

8. Түрік және Батыс түрік қағанаттары: этносаяси тарихы, шаруашылығы.

Түрік қағанаты 552-582 жж.

552 ж. Алтай тауын мекен еткен түріктер Түрік қағанатын құрады. Алғашқы билеушісі Түмен өзін ағанмын деп жариялады. Терр. Қара теңізден бастап шығысында Корея жарты аралына дейінгі территорияны алды. 582 ж. Естемей Мұқан арасындағы талас-тартыстан түрік қағанаты батыс шығыс болып Алтай тауынан 2-ге бөлінді. Батыс түрік қағанаты 603-704 жж. Астанасы – Суяб. Ірі сауда қолөнер орталығы Тараз қаласы. Түріктер Тәңірге (көк аспанға) табынған. Табынатын жануарлары – көк бөрі. Жалауында қасқыр бейнеленген. Түрік жазуы: көне түрік жазуы, орхон, енисей жазуы, руна жазуы. Түріктердің билеушісі – Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан қаған 558-572 жж аралығында дүниеге келеді. Ол кезде түрік қағанаты Орта Азияда үстемдікке ие болды. 561-563 жж. Түріктер Иран мен эфталиттерге қарсы одақ құрады. 587 ж. Бұқар түбінде эфталиттердің құл талқанын шығарады.

Батыс түрік қағанаты (603-704 жж) өмір сүрді. Батыс түрік қағанатының орталық ауданы Жетісу болды. Терр. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі жерлер. 7ғ. Батыс түрік қағанаты 10 тайпа мемлекет атына ие болады. Б.Т.Қ.-на үйсіңдер, қаңлылар, түркештер, дулат, қарлұқ, теле, қыпшақ, оғыз, шығыл, басымал тайпалары енді. Жазғы ордасы Мыңбұлақ болды. Қаған – ең жоғарғы билеуші, қарулы күштердің қолбасшысы. Ұлық-орынбасар, Бұйрық-сот билігінің жүргізушісі, Тархан-сот қызметін атқарушы. Тудын – салықты басқарушы. Жабғу, шад, елтебер жоғарғы шешеңдері қаған жоғарғы шеңді туыстарына беріледі. Б.Т.Қ-ң негізгі халқын бодандар құрады. Тілі – түрік. Жазуы – Руна/Орхон, Енисей). 7 ғ. Б.Т.Қ.-на Қытай басқыншылық жасап, қағанаттығ құрамындағы түркеш тайпаларына қысымдық көрсетіп, Батыс түрік қағанатын жойды.

10. Қарлұқ қағанаты: саяси тарихы, шаруашылығы.

Қарлұқтар (766-940). Терр. Жетісу ордасы. Билеушілері жағбу. 840 ж. бастап қаған деп аталған. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында болды. Құлан, мерке, Баласағұн деген қалалар бой көтерген. Мұсылман діні кең таралған. Бұл мемлекет шығ.Түркістанның тұрғындары пұтқа табынушы шығыл және яғма тайпаларының Жетісуға басып кіруімен ыдырайды. Қарлұқтар әлсірегенде қарлұқ қағанының билігін Сатух Барахан қолына алады. Ол кезде қарлұқ билеушісі болған атасы Қараханның атымен қарахан мемлекеті еді. 766 ж. Тараз бен Суяб, Жетісу қарлұқтардың қол астына кіреді. 766-775 ж. Олар Қашгарды басып кіріп Ферғанаға ықпалын жүргізе бастады. Егіншілік жақсы дамыған. Байлар мен құлдар 2 тап болды, әкімшіл-әміршіл жүйе болды.

11. Қарахандар мемлекеті: саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.

Қарахандар мемлекеті (940, 942 жж)

Негізін салған – Сатух Борахан (915-955 жж). Ордасы Баласағұн, кейіннен Тараз. Территориясы Жетісу, оңт. Қазақстан мен Орта Азия Сатұх Бораханның немерелері Сүлейен Арсыланхан кезінде Қарахан мемлекеті 2-ге бөлінді: батыс және шығыс қарахандықтарға. Хорезм мемлекеті мен Қарақытайлар жиі шапқыншылық жасаған. Хорезм шахы Мұхаммедтің кезінде мемлекет ыдырап жойылып кету қаупі туғанда қарахан билеушісі Арсыланхан қарақытайлардан көмек сұрайды. Олардың көмегі қарахандықтарды жаулап алумен аяқталды. Мемлекеттік діні – Ислам. 942 ж. Сатұх Баласағұн билеушісін құлатып өзін қағанмын деп жариялайды. 992 ж. олар шығыста Хотонды батыста Бұқарды жаулап алды. 999 жылы Саманилер мемлекетін құлатты. 12 ғ. басында құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісуды, Баласағұнды, шығыс Қарахан жерін түгел басып алды. Хандар ақсүйектер салықты қалай да өз пайдасына шешуді ойлады. Мұндай салықты «ихта» деп атады. Оны берушілер ихтадар деп аталды. Моңғолдар 1210 ж Қарахандарды жаулап алып оның табиғи процесін үзіп тастайды. Көшпелі және отырмалы халық идеологиясында ежелгі түріктердің діни түсініктері орын алды. Қағанатта ислам діні дами түсті. Араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы енді әдебиеттер түрік тілінде шыға бастады. Жүсіп Баласағұнның есімімен тығыз байланысты қарахан дәуірі қоғамның барша саласында жаңа кезең болып табылады.

12. Қимақ және Қыпшақ мемлекеті: этникалық және саяси тарихы.

Қимақтар (9 аяғы 11ғ басы)солт.шығыс Қазақстан өңірі Ертіс бойында мекен еткен.Ордасы Қимақия.Моңғол тілдес,қыпшақтар арасында келген түрленген тайпалар, билеушілері-Жабғу.10ғ.бастап Хаккан.Олар жыланға табынған. 11ғ басында қыпшақ тайпасы күшейіп қимақтарды өзіне қаратады.

Қыпшақтар (11ғ басы 13ғ басы) қимақтарды өзіне қаратқан қыпшақтар батысқа жылжып оғыздарды да өзіне қаратады.Сөйтіп 11ғ басында Ертіс өзеніне Еділге дейінгі терр.Қыпшақ даласы (дещті қыпшақ )д.а.Қыпшақтың діни-нанымы (көк аспан)ата-баба аруағына сиыну.Жазуы көне түркі. Ордасы-Сығанақ.. Шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы, тары өсірген. Алғашында қимақтардың тайпалық одақ ретінде байланысты болды. Негізгі шаруашылығы көшіп-қону мал шаруашылығы. Сауда жолы – Ұлы Еділ жолының дамуы. Сырдария жағалауының Сығанақ, Құмкент, Жент т.б. қалалары дами бастады. Қимақтар яньмо тайпаларымен тығыз байланыста болды. Қимақ тайпаларының басшысы – Шад-тұтық деп аталды. Олар сыртқы саясатын өте тапқы жүргізген. Қимақ қағанатының күйреуіне 2 түрлі себеп болды. 1. Ішкі талас –тартыстың күшеюі. 2. Орталық Азияға көшпелі тайпаның қаптап кетуі.

Қимақтар әлсіруіне қарай қыпшақтар күшейіп 11 ғ. басында әскери саяси үстемдік солардың қолына күшті. Олар Тараз қаласының маңына Қанжақ, Сәңгір бекіністерін салды. Олар Орта Азия және оңт.шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға тырысты.

13. Жібек жолы және оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық-мәдени өміріндегі орны.

Б.э.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Қара теңіздің Дон бойында оңтүстік Арал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, Алтайға, Ертіс-Зайсан көлінің маңайында мекендеген тайпаларға осы Жібек жол арқылы жібек, тері, иран кілемі, асыл бұйымдар сауда арқылы таратылып жатты. Б.э.д. 2 ғ. Жібек жолы сауданың тұрақты желісі реттелді, қызмет ете бастады. Жібек жолы б.э.д. 2 ғ. және б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстанға Рим әйнегі, теңге, Қытай жібегі, айна, ыдыс-аяқ, иранның асыл тастары жеткізіліп тұрған. 6 ғ. соңында Жібек жолы Жетісуда, Қазақстанның оңтүстігінде жаңа қалалардың бой көтерілуіне көп көмегін тигізді. Бұл сауда жолы 14 ғ. ішкі қырқ-р қола мәдениетін тоздырғанға дейін Қытайға баратын теңіз жолын игергенге дейін бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенше жұмыс істеді. Археологтардың зерттегендеріне қарағанда осы кезде оңтүстік Қазақстанда оңтүстік батыста 27 қала: Тараз, Құлан, Атдак, Джамукат, Мерке, б-н Талас Алатауының баурайында Джумиланг Манксит қалалары, Шавгар өңірінде – Яссы, Қарған, Шағылжаң,Қарашоқ, Сайран, Сырдария маңында Сығанақ, Жент т.б. Шу алабындағы Баласағұн бас қалаға айналды. Міне, Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы қалалардың бойын көрсетуге, тауар айырбасты жақсартуға көп пайдасын тигізді.

14. Оғыз мемлекеті: этникалық және саяси тарихы, шаруашылығы.

Оғыз мемлекеті (9 ғ-дың аяғы 11-ғ-дың басы )

Сырдың төменгі және ортаңғы ағысын мекендеген тйпалар қарлұқтармен қақтығып батысқа қарай жылжиды.Батыстағы Қаңғар-печениииерді жеңіп осы жерге Оғыз мемлекетін құрады.Билеушісі жабғу.Терр. оңт Тараз шам қалалары, солт.Сарысу,Торғай ,Ырғыз өзендері,солт-шығ.Орал тауларынан ,батыста –Хазар даласына дейін алып жатыр.11ғ.басында қыпшақтар соққысынан ыдырайды. Олар пұтқп табынған. Ол алғашқы феодалдық мелекет 9ғ. Соңында хазарлармен одақтасып печениттерге соққы берді. Жайық-Еділ өзендерінің аңғарларын мекендеген. Көптеген рулар,бірнеше тайпаларға бөлінген. Қарлұқ қыпшақтармен тығыз қарым-қатынас жасады.10ғ.селжұқ түріктерімен күреседі. Оғыз тайпалары салықтың көптігінен жиі-жиі көтеріліске шығып отырады.Шаруашылықтың негізі-мал өсіру,жер өңдеу, қол өнеркәсібі. Оғыз жабғыларынңы орынбасарлары Құл еркін д.а әскерлерін сюбашы д.а шаруашылығы интенсивті түрде дамыды.Интенсивті мал өсіру болды. Оғыз деректеріне сүйенсек 10-ғ.өкімет басына Әлихан келген кезде алым-салық күшейеді. Көсемдер көтеріліске шығып Жент қаласын басып алды.Бірақ ұзақ тұра алмайды.Сол кезде Әлихан мұрагері Шах Мәлік күшейеді.Күшейгені сондай 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады.

15. Наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы.

Батыс моңғолияны екен еткен наймандар Шыңғыс ханның тегеуіріне шыдамай ығысып Жетісуға келді. Ондағы қарақытайлықтарды жеңіп билікті өз қолына алды. Хрестьян дініндегі наймандар қарақытайлардың саясатын ары қарай жалғастырып, Жетісу халқын шоқындыра бастайды. Найман-8тайпа. Бұған қарсы мұсылмандар қозғалысы күшейді. Олар Шыңғыс ханның шапқыншылығынан ыдырайды. Шаруашылығы көшпелі шаруашылық аң, балық аулауды кәсіп еткен. Олар киіз үйде тұрған. Сауда айырбас түрінде жүрген. Найман жері ондық, жүздік, мыңдық деп бөлінді. Іс қағаздар ұйғыр жазуымен жүоргізілді. Керейлер деректеріне қарағанда избу тайпаларына байланысты ол түркі және моңғол тілді жұртын құрды. Олардың батысында найман, солт. меркктер, шығ. татарлар, оңт. тұңғыттар тұрды. Олардың көсемдерінде орда болды.1. Орхон өзенінің бойындағы қатынбалық. 2. оңт орда хунхе өзенінің теріскені. 1007ж керейлер наймандармен бірге хрестьян дінін қабылдады. Олар ұйғыр мәдениетінің ықпалында болды. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметшілеріне ақсүйектер өкілін жинаған. 12ғ аяғында Тимучин татарлар талқандаған соң 1203ж керейлерді, 1206ж наймандарды өзіне бағындырды.

16. ІX — ХІІІ ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи және т.б.

9-12ғ.Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғарғы дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы- егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Қ.жеріне туып-өскен әрі энциклопеияшы ғалым мұсылман шығысында Аристотеьден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде белгілі болған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-түрік Шығыс пен Батысқа 10ғ. мәлім болды. Ол 870ж. түрік отбасында Отырар(Фараб) қаласында туған. Руы –қыпшақ, әкесі-әскери адам болған. Ол қолөнер шеберлігін және ғылым негіздерін Отырардың медресесінде игерді, онда өзінің ана тілі және түрік тілінде оқыған.Жүсіп Баласағұн 11 ғ-да атақты тарихи әдеби шығармашылардың бірі. Ж.Баласағұнның Құтадғу Білік деген шығармасы орта Азия, Қазақстандағы түрік тілдес халықтың алдыңғы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші. Онда 11 ғ. түркі әдебиетінің жазу үлгілері көрініс тапқан. Дастанда мемлекеттік қолөнершілер – саудагерлер, медицина, астрономия, тіл білімдерінің маңызы туралы айтылады. Шығармаға қарағанда ақын Әл-Фараби ибн Сина Беруни философиясымен, дүние таным шешімімен жақсы таныс болды. Махмұд Қашғари Ыстықкөл жағасын Барысхан қаласынан шыққан М.Қашғари ұзақ саяхаттан кейін 1074 ж «Диуани лұат ат түрік» шығармасын жасады. Бұл шығармада тіл тану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдеп-ғұрпына және тіл туралы тіршіліктану ғылым туралы ұғым беретін теңдесі жоқ тарихи ескерткіш болып табылады.

Ахмет Яссауи 12 ғ-да Яссы (Түркестан) қаласында туған. Қожа Ахмет Яссауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол мұсылман дінін таратуда ат салысқан. 14 ғ.Ақсақ Темір оның басына зәулім кесене тұрғызған. Ол түрік тілінде «Диурия Хикмет» (даналық кітап) өлеңдер жинағын шығарған. Соның бірі Сүлеймен Бақырғани болған. Оның артынан өнеге насихатқа толы өлеңдер қалдырған. Ахмет Яссауи жайлы айтқанда оның ұстазы Арыстан баба есімі қатар айтамыз. Халық арасында «Арыстан бабаға түне. Қожа Ахметтен тин» деген сөз бар. Дертіне дауя іздеген адамдар Арыстан баба мазарына түнеп, содан кейін Қожа Ахмет мазарына зиянат етеді.

17. Көшпелі Өзбекхандығы немесе Әбілхайыр мемлекеті (1428-68 ж.ж)

Ақ Орда мем-ті екіге бөлінді: Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек мем-ті. Ордасы-Сығанақ. 1428 ж. Ақ орданың соңғы ханы Барақты өлтіріп билікке Шайбани ұрпағынан Әбілхайыр келді. Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек хандығы д.а. 1428ж. Әбілхайыр Батыс Сібір территориясын өзіне қосып алды. 1456-1457ж. Сығанақ түбінде Әбілхайыр Үз-темір патша бастаған ойраттардан жеңілді. Әбілхайыр хан Сыр бойындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Есен Бұғамен соғысады. Әбілхайыр қол аясындағы Керей мен Жәнібек әкелері Барақты өлтірген. Әбілхайырмен келіспей Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып Моғолстан ханы Есен Бұғаға барады. Есен Бұға оларға ең шұрайлы жерлері Талас-Шу өзенінің бойынан жер береді. Міне осы жерде 150 мың адамды құрайтын рулармен келеді. Бұл мем-т бір орталыққа бағынатын мем-т болмай, бірнеше иеліктерге бөлінеді. Олардың басында Шыңғыс тұқымдары тұрады. 50ж.ж. Әбілхайыр Мәуренахрдағы Темір ұрпақтарының талас-тартысына килігіп Самарқант Бұқараға тонаушылық жасайды. 1457ж. Әбілхайыр оңт. Шығыс және оңт. Қазақстан жеріне басыт кірген ойраттарға Сығанақ түбінде қатты соққы берді. Әбілхайыр 1468 ж. Керей мен Жәнібекке қарсы соғысқа шығады. Бірақ жолай қайтыс болады. Әбілхайырмен бірге мем-те құлайды.

18. Ақ Орда мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі — Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы — қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары — Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

19. Қазақстан территориясындағы Монғол шапқыншылығы. Ұлыстардың құрылуы.

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

20.Тәуекел (1583-1598) ханның қазақ жерін кеңейту саясаты.

Хақназар өлген соң таққа 80-ге келген Шығай отырады. Шығай қайтыс (1580-82ж.) болған соң таққа баласы Тәуекел отырды. Ол1583ж. Өзбек хандығын жасасқан келісімшартты бұзды. 1586ж. Түркістанды басып алып, Ташкентке қауып төндірді. 1588ж. Ташкентте Абдаллахқа қарсы көтеріліс болды. Көмекке қазақ сұлтаны келді.. Көтеріліс жеңіліс тауып қазақтар Ташкенттен кетуге мәжбүр болды. Абдаллах өлген соң Мәуренахрда билік үшін таласты. Осыны пайдаланған Тәуекел 1598ж. жазында Мәуренахрға кіреді. Іштен қолдау тапқан ол жеңіске жетеді. Самарқанға 20 мың әскермен Есімді қалдырып, өзі Бұқараға кетеді. Бұқаралықтар қарсылық көрсетіп, қазақ халқын талқандады. Осы шайқаста Тәуекел ауыр жараланды. Ол Ташкентке шегініп, сонда қайтыс болды. Қазақ ханының ұзақ жылдар бойы жүргізген соғысы Сыр бойындағы Қамал қалалары ірі қала Ташкентті өзіне қосумен аяқталады. 1598 ж. Шайбани әулетінің орнына келген Аштархан әулетімен қазақтар шарт жасасып, қазақ халқы үшін біржарым ғасырға созылған қанды күрес аяқталды.

21. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері, «Қазақ» этнонимі туралы болжамдар және қазақ жүздері.

Халық деп тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ өзін туыстық тұрғыда ұсынған белгілі бір жерде құрылған қауым. Қазақстанның басынан өткен тарихы бізге белгілі, бірақ халық арасындағы тіл – көне түркі тілі, жазуы түркі жазуы болған. Зерттей келе қазақ халқының қалыптасуы б.з.б. 7-4ғ. Олар қазақ жерін мекендеген тайпалардың өзара араласуы бойынша бірте-бірте халық болып қалыптасты. Бұрынғы өзбек халқына жақын жататын аудандардың халқын қазақтар деп атады. Қазақ халқының құрамына кіргендер: үйсіндер, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, дулат, қоңырат, керей т.б. Нәсілдік билігі жағынан моңғолоидтік типке жатады. Қазақ атауы қайдан шықты? Ол туралы ғалымдар арасында сан алуан пікірлер бар. Батыс шығыстық жазба деректеріне қарағанда, «қазақ» атауы көне түркі тілінде «өз елінен бөлініп шыққан еркін жүрушілер» «еркін адамдар» деген ұғымды білдіреді. Енді бір ерте заманда қазақ даласын мекендеген қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың есімімен байланысты: Сақ, Каспий, Қазар, Аз. Онда «қазақ» атауы әр алуан түрде – Аса, Хасақ, Қайсақ, Қасақ, т.б. болып жазылады. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық;

ә) этностық туыстық;

б) шаруашылық-мәдени бірлік;

в) саяси басқару ортақтастығы.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі.

22. Қазақстанды Россияға қосылуының аяқталуы. Өлкедегі ХІХғ. 60-90жж. әкімшілдік реформасы.

Қоқанға қарсы көтеріліс 1858ж. Әулееата манында басталды. Бұл күрес ұлт- азаттық Оңт.Қаз.Қазан тепкісінен босатып Ресейдің құрамына кіру осы себеп болды. 1859ж. Ұлы жүзде қырғыз елінің оңт. шекаралық ауд-да тұрғызылған Қастек бекінісі. Ресейдің тірегі Қоқан ханының қарсы қимылдарына да тосқауыл бол-ы. 1860ж. қазанда Алатау округіннің билеушісі Колпаковский басқарған орыс әскерлері Ұзынағашта 3 күндік шайқаста қоқан әскеріне соққы берді. 1867-68ж. реформа. 1.Орынбор генерал-губернаторлығына- Орал, Түркістан, Орынбор. 2. Батыс-Сібір лен-губер- Ақмола, Омбы, Семей. 3. Түркістан ген-губ-Жетісу, Сырдария, Верный. 1867-68ж. реформа бой-ша сот жүйесінің ең төменгі бөлімі билер мен қазылар соты реф-ға байланысты Орал мен Трғайда көтеріліс болды. Бұл көтеріліске негізінен Адай руы қатысты. 19ғ. 60ж. Қазақстанға орыс шаруалары жаппай қоныс аудара бастады.19ғ. 40жылы. Кіші жүз Ресейдін құрамына толығымен кірді. Ресейдің құрамына кірудін толықтай аяқталуы 19ғ.50-60ж. аяғы 70ж. басы еді. Губернатор- Обылыс- Уезд- Болыс- Ауыл. 1891ж ереже бойынша қазақстанда әкімшілік өзгерістер жүрді. Онда Сырдариядан басқа облыстар далалық генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. 1891ж 1.Дала генерал-губ-қ 2.Түркістан ген-губ-қ оған Сырдария,Ташкент,Ферғана.

23. ХІХ-ғ. 40-50 ж.ж Сыр бойы қазақтарының отарлық қысымға қарсы азаттық күресі.

Сыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:

Әскери күшпен салық жинауы.

Бекіністер салуға Арал қазақтарын куштеп қатыстыруы.

Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы.

1836 жыл – Амудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды. 1842 жыл – Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты. 1843 жыл – Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуандария бойындағы бекінісін талқандады. 1845 жылғы көктем – Жанқожа тобы хиуалық 2000 әскерді жойып жіберді. Орыс әскери топтраының Сыр бойына келуіне арқа сүйеген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын хиуалықтардан тазартты. 1853 жыл – орыс әскерлері Ақмешітті алып, Сырдария әскери шебін құрды. Райым (Қазалы) – Ақмешіт аралығы патша үкіметінің бақылауына көшіп. Қазақтардан салық жинай бастады. Орыс үкіметінің жаңа бекіністер салуға қазақтарды күшпен тартуы, 1856-1857 жылдары Сыр қазақтарының көтеріліске шығуына себеп болды. Жасы 90-нан асқан Жанқожа батыр Жаңақаланы көтеріліс тірегіне айналдырып, 2 мың сарбаз патша әскерімен соғысты.

24. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты мен маңызы.

С.Д. бастаған көтеріліс 1783-1797 ж-р аралығында Кіші жүзде болды.Себебі жер мәселесінің шиеленісуі Қаз-ға Жайық-Еділ өзенінің жағасына мал жаюға тиым салды. Феодалдық колониялық қанаудың күшеюі халықты аштықтан ашық сылтауы Орал қазақтарының 1782-88ж қасында Жайық өзенінің сыртына өткен кіші жүздің малшысын 4 мыңнан астам жылқы-ларын қуып кеткендігі.Көтерілістің барысы: ұйымдастырылған көтерілістің басталуы.Басшысы-С.Д.(ірі феодал) Мақсаты-хан билігін жою.Нұралы ханнның патша әкімшісіне көтерілісті басу туралы өтініш жазды.Көтерілістер қазақ бекінісіне шабуыл жасады. 1785ж. жазалаушы отряд бейбіт ауылдарға шабуылы, халық наразылығы ұлғач түсті. 1786ж. көтерілістер ханауылдарына шабуыл жасады. Нұралы ханды биліктен алып тастады. Кіші жүзді 3 бөліккке бөлді. 1790ж. Есімді, 1791ж. Ералыны хан етіп тағайындады. Феодалдарға қарсы күрестің шиеленісуі 1797ж. хан кеңесі құрылды Сырымотряды Илецк бекінісіне шабуыл жасап ол сәтсіздікке ұшырады. Сырым Датұлы хан басқармасының құрамына кірді. Көтеріліс тоқтады. Оның женілу себебі: ұйымдаспаған көтерілістің халық басқармашы…… феодалдың әртүрлі көзқараста б/ды. Маңызы хан билігін шектеп, оны жоюға жағдай жасады.

25. Қазақстан қайта құру кезеңінде. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен салдары.

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1985-1991) КОКП ОК сәуір (1985) пленумының КОКП-к XXII Съездік шешімінің катылау өмірді жүзеге асыру оңайға түскен жок КОКПОК қйктар(І987) пленумында «Қайта кұру» партиялардың кадр саясаты туралы мәселе талкыла.ған кезде днгдярыстың нсгізік түсінугс эрскст жасады. Осы пленумда партия бүкіл қоғам кызметгерлерінің басты кайта құру дсп жариялады. Жеделдстудік барысындп кзйта күрудііеэгерістер икшіле бэстааы. Кайта күрудин бйкулауынв нарязылмк КОКП ОК саясн бюросынык мүшслігіне кокдкдвт Мэскс; калялык пэрткл Комктетікін бірікші хятшысы Ельцнкнік КОКП ОК-к казан (1987) плекуыыкда сөйлсгсн сеэінлс керінсді. КСРО Хзлых дсп)татынын. сыгіі 1989 ж мамыр маусым айларында болып өтті. Бұрынғы сьездерін езгешелігін сьезде сзясаттағы эхономкадағы элеуметгік-рухани жағыка сини хезкарасгкн карап, талдзлды. 1990ж, казакда Қаі-н езікіч ыемлексттік егемендігін жариялады Егемекдік туралы Декларация кабылданды Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да салалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 ж қазанда Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Онда Шығыс Қазақстан және Повлодар облыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды көшпелі кезең деп жариялап, осы уақыт ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды. Бірақ съезд делегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын Қазақтанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім алды. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.Одан басқа республикада Қазақстанның мемлекеттік жастар Комитеті құрылып, іске кірісті.

“Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы. Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз “Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер “Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады. Кімге сенеріңді білмейсің.

27. Ежелгі Үйсіндер, Үйсін Ордасы: этносаяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

Б.э.д. 2-1 ғ. өмір сүрген. Қытай жазба еректер-ң хабарына қарағанда б.з.дб. 3ғ.бастап Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н.И. Кюнер мен Н.Я.Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған.бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып акедемик В.Бартольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, онда үйсін тайпаларның қысқаша тарихын жарыққа шығарды. Ал Қытай тілінің маманы Ю.Вюзуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа деректерді пайдалана қосты. Үйсіндер мекен еткен жерінің шекарасы батысында Шу мен Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Терр. Жетісу оңт-шығ. Қазақстан. Астанасы Қызылаңғар болған. Билеушінің титулы – гуньмо (күн би). Үйсіңдер өзара сары және қара үйсін болып екіге бөлінген (нәсілі – европоидтық), мал жайылымы үшін қаңлы мен ғұндармен қатынас жасаған. Жылқы шаруашылығы дамыған. Қыстап шығу үшін тас қора салған. Олар ата-баба аруағына, табиғатқа табынған. Үйсіңдердің қыстаулары мен жайлаулары Жетісу таулары мен олардың аласа беткейлерінде, Іле, Шу, талас өзеңдерінің алқаптарында болған. Өзеңдер алқаптарында егін шаруашылығы өркендеген. Тұрмыс жағдайы жөнінен үйсіндер бірдей болмаған. Олардың арасында жері, малы бар байлар болған. Бұлар тайпа мен ру басшылары. Діни басшылар мен жасауылдар да орташа ауқаттылар қатарына жатқан. Сонымен қатар қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілер болған. Үйсіңдер арасында құлдар да бар еді. Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында, ұсақ малды күту, малдан алынатын өнімдерді өңдеуге ғана пайдаланылған. Олар соғыс тұтқындары болған. 4-5 отбасы 1 ауыл болып саналған. Ауыл жаңында бейіттер болған. Қыш ыдыстар жасаған. Темір, мыс т.б. өңдіріп қорыта білген. Астанасы Ыстықкөл маңында орналасқан.. Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері 3 бөлікке: сол(шығыс), оң(батыс) бөліктерге және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болған.

Қытай жазба деректемелерінің хабарына қараған-да б.з.б. III ғ. бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н. В. Кюнер мен Н. Я. Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған. Бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бар-тольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, онда үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жарыққа шығарды. Ал Қытай тілінің маманы Ю. А. Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа дерек-терді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуде өз үлесін қосты.

Үйсін тайпаларының тарихын жазуда, археологиялық ма-териалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зер-ттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә. Ма-рғүлан және атақты археолог ғалым А. Бернштам зор ай-туға түралық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А. Г. Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпалары-ның ескерткіштеріне қазу жүмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезендерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен үзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К. Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зер-ттеулерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық қүрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми түрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.

Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, басты ордасы — Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Үлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.

Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань импери-ясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған.

Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.

Үйсін мемлекетінің доуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік қүрған, б.з.б. 45-14 жылдардың арасы деп саналады. Өйткені, ол туралы «билікті берік үстады» және иеліктері-нде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады» деген деректеме осы уақытқа дейін жеткен.

Қытайдың Хань дәуіріпдегі әулеттік жазбаларда үйсін-дердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің за-манымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар.

28. ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанға Ресей шаруаларының жаппай қоңыс аудару қозғалысы. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

Қоныс аудару себебі: Манчжур Цин империясындағы көтеріліс шабуылдары Манчжур Цин империясы Чыңжан болып құрылғаннан кейін Ұйғыр дүнгендерге қысым көрсету күшейді сол себепті.19ғ 80ж Жетісуға қоныс аударды Ұйғыр дүнген мәдениетінің негізі әлеуметтік шаруашылық қоғамдық салалардағы байланыс оларды қоныс аударуы Ресейдің мәдениетіне жаңа мазмұн берді. 1885ж Петербург келісімімен Ресеймен Қытай Қазақстан арқылы сауданың дамуына жол ашты. Осы келісім бойынша өлкесіндегі ұйғырлар дүнгендер Жетісуға қоныс аударуға құқылы болды. Ұйғырлар дүнгендер қытай өкіметінің тарапынан Жетісуға қоныс аударуға мәжбүр болды.Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігімен ғана емес басқа облыстардан келді. Өйткені қазақ даласы ұланғайыр кеңдігі мал шаруашылығына, егінге де қолайлы болды. 1900ж. Халық санағы бойынша тек қаз-ң 5 облысында (Ақмола, Торғай,Орал,Жетісу,Семей ) ғана 3463598 адам болса оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247мыңдай адам Сібірден- 42119, Орта Азиядан-23530, Польшадан-1191,Кавказдан-1672, басқа жерлерде-3557 адам келді. Сөйтіп 1900ж. 3 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5% қамтыды оларға 44млн гектар жер таратылды.

29. Қазақстанда 30-ншы жылдардағы заңдылықтың бұзылуы және 1937-38 жж жаппай репрессия. 1932-33 жж 2,5 млн адам қырылды.ССР-де Сталин соғысының саясатының қанды қақпанына түскен адам саны 40 млн.Сталин мемлекет басына 1922-53 ж тоталитарлық саясатын жүргізді.Тоталитарлық саясат-жаппай қыру. 1) 921ж аштық 2) 1932-33ж аштық 3) 1937-38ж Сталиндік репрессия. 4) 1941-45ж ІІд.ж.с.1928жылы 27 тамызда ірі бай шаруаларын жартылай феодалдарды конфискациялау және жер аудару туралы декрет шықты.Зиялылар тобы 20-30ж мәдениет қайраткерлері Санжар Асфендияров, Жүргенов, Сейфуллин, Байтұрсынов, Жандоов, Әуезов, Жұбанов 20-50ж қазақ ғылымының қалыптасуы.Асфендияров,Затаевич, Байтұрсынов, Аймауытов, жолдыбаев, ғылым академиясының базасы құрылды. 1932 ж. база құрыла бастады. 1946ж. Сәтбаевтың ұжымдастыруымен Ғылым академиясы құрылды. Асфендияров Қаз – н көне заманнан бергі тарихының І бөлімін жазып шығарды. 20-30 ж. қазақ әдебиетінің қайраткерлері Сейфулин «Кокшетау», «Тар жол тайгақ кешу», Мұқанов «Сұлушаш», Жансүгіровтың «Құлагер», И.Байзаков «Құралай сұлу», Аймауытов «Қартқожа». 30ж. Сталиндік жазалау шаралары болмағанда әдебиет әлдеқайда ілгері дамитін еді.

31. Соғыстан кейінгі кезеңдені қоғамдық саяси өмір (1945-1950) Бекмаханов ісі

Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.

Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады.Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» «қолдан жасалып» жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» пайда болды.

32. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Себебі: XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

33. Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы. Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.

Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты. Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.). Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты. Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты. Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен . 1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.

34. Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, көрнекті ақын және қоғам қайраткері О. Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумы үлкен рөл атқарды. Форумда интернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Сондықтан «Кеңестерге не істеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.

Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Өз әріптестеріне арнаған үндеуде олар мұндай шешім қабылдау себебін ескі кеңестердің бүгінгі заманда елдегі саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсіндірді. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.

Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.

Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі. Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент болды.

35. ҚХ нығаюы. Қасым хан (1523-1537) 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

36. 19 ғ. 1 жартысындағы Қазақ мәдениеті: әдебиет,музыка,халық ағарту ісі    ХІХ ғасырда қазақ әдебиетін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерінің құндылығы материалды тек жинауларында ғана емес, әдебиетіміздің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері жайлы берген ғылыми бағаларының да мәні зорлығында. Өйткені ол ғалымдардың барлығы да қазақ әдебиетінің нұсқаларын өз күйінде оқып, өз құлақтарымен естіп, халық жыршыларынан өздері жазып алған материалдарының негізінде өздерінің талғамдары мен түсініктерін ешбір бояусыз айтуға күш салған. Өткен дәуірдегі халқымыздың ақындық қабілеті мен әдебиетіміздің идеялық-көркемдік қасиеттері туралы бұл адамдардың берген анықтамалары — біздер үшін мақтанарлық нәрсе.

Қазақ халқының 19 ғ. әдебиетінің шынайы рухы, ұлттық азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы еді. Көркем әдебиет пен саяси жағдайлар тығыз байланысты. Ауыз әдебеті: халық шығармашылығының айрықша саласы ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз ауыз әдебиеті д.а. М: Асан Қайғы, ертегілер, эпостық жырлар, батырлар жыры, мифтер, аңыздар.

37. ҰО соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті .Жалпы, тарихшылар Т. Балақаев пен Қ. Алдажұмановтың мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы 1941 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта 25 монография, 11 мақалалар жинағы, құжаттар мен естеліктер, 200-ге жуық ғылыми мақалалар, 20-дан астам естеліктер мен шағын кітапшалар жарық көрген.

Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің ішінен республика ауыр өнеркәсібінің дамуы туралы жазған В.Я. Басиннің, Л.А. Пинегина мен С.А.Федюкиннің, Г.Чулановтың, мұнай өндірісі туралы Т.Шаукенбаевтың еңбектерін бөліп айтуға болады [9]. Ф. Михайлов пен К.Оразов өз еңбектерін соғыс кезеңіндегі кадр мәселесіне, бірінші кезекте өнеркәсіп пен көлік саласы үшін қажет кадрларды даярлау мәселесіне арнаса, соғыс жылдарындағы әйелдер мәселесіне Г. Нұрбекова өз жұмысын арнады.

38. XX ғасыр басындағы Қазақстан ұлт зиялыларының қалыптасуы және олардың қызметі

Алаш зиялыларының ХХ ғасырдың басындағы ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшiн жасаған еңбектерi жайында аз айтылған жоқ. Алайда, бiр өкiнiштiсi, Қазақ билiгi тарапынан Алашорда үкiметiнiң осы бiр ұлы жолда жасаған ерен еңбегiне өз дәрежесiнде баға берiлмей келедi. Күнi бүгiнге дейiн Алаш қайраткерлерiн болашақ ұрпақтың зердесiнде қалдыру iсi қолға алынған жоқ.

39. Моғолстан, Ноғай ордасы, Сібір хандығының қазақ халқының тарихында алатын орны. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны

1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы — Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…

Ноғай ордасы. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары).

40. Ресейдегі 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері. Мемлекеттік думаға сайланған қазақ депутаттары.

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы. Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты. 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан — Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан — Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

41. XVII-XVIII ғғ. Қазақ-орыс қатынастары. Елшіліктер. Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плаңдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді.Міне, осының бәрі де қордалана келіп, Ресей империясының Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне негізгі түрткі болған себептер еді. Ресейдің Қазақ хандығына елшілік өкілдіктер жіберуі. XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты.1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов деген орыс елшісі барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті.Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты.

42. ортағасырдағы Қазақстан халықтарының діни наным-сенімдері. Салт-дәстүрлері. Қазақстанның әуелгі орта ғасырдағы көшпелі халқының , сондай-ақ қалалары мен қоныстары тұғындарының наным-сенімдері мен діні әр қилы еді. ДІНІ: Ата-баба аруағына сйынған. Көкке, Тәңірге табынған. Кейде мәйітті өртеу ғұрпы кездесіп отырған. 10 ғ –қимақ шанжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. 6-7 ғ Орта Азиядағы, Қазақстандағы түркі тілдес халықтар арасында өз наным-сенімдерімен біргет басқа өркениеттер тудырған- буддизм, манихейлік, христинадық дін жүйелері тарай бастады. Орта және Шығыс Түркістандағы түрік тілдес халықтарды ислам дініне күшпен енгізді. Бұл Қарахан және Селжұқ мем-ң п.б байлансты оқиға. Барлық “ұлы діндердің” әшәнде буддизм алғашқы Түрік қағандығындағы ақсүйекттер ортасында неғұрлым ертерке таралды. Қасиетті тауларға табынушылық түркі тайпаларының наным-сенімдерінде ерекше орын алады. Ежелгі түрікттер “қасиетті Отукен күшін” ерекше қастерлеген, олардың рухы қаған тегінің өамөоршысы деп есептеген. Дінің негізі Көкке және Жерге сыну болған .Құдретті деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк аспан. Бұлар нақ осы Көктің еркімен билік құрып отыр деп санаған, түріктер қағандарды “Көк тектестер және Көкте туғандар” деп санады.

43. Шәкәрім Құдайбердіұлы-ақын, ойшыл. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

44. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Көтерілістің шығу себептері: 1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары: Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Көтерілістің тарихи маңызы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

45. «Қазақстан-2030»-ҚР-ң онжылдықтарға арналған даму бағдарламасы. Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту.

46. Қазақстан 20-30 жж. Мәдени құрылыс және оның қайшылықты сипаты. Ұжымдастыру мен отырықшылыққа көшіру жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруашылығы күйреп, малынан айырылып, баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас иді. Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты. Алайда отырықшыландырудың алғашқы бесжылдығында орындалмай қалған күрделі міндеттерді Кеңес өкіметі келесі бесжылдықта жүзеге асырды. Отырықшыландыру жылдарында қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті. Аталмыш тақырып осы жақтарымен де өзекті. Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғ. 20-30-шы жж. аграрлық реформалар, қазақ шаруаларын жаппай ұжымдастыру және отырықшылыққа көшіру Қазақстан тарих ғылымында едәуір зерттелді. Алайда мемлекеттік саясат ретінде қалай іске асырылды, оның тарихи тамырлары, жалпы әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани нәтижелері әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді.

Кезінде Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ халқының экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы жағдайында, басқа халықтармен салыстырғанда қоғамдық дамуы жағынан артта қалушылықтан құтылу үшін, шаруашылық әдісін өзгертуді, яғни көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшудің қажеттігін айтты. Қазақ жерлерін отарлауды үдету үшін Ф. Щербина экспедициясының материалдары негізінде әлеуметтiк мәселелер жөнiнде ақпарат алғанын айта келіп, либералдық-кадеттiк бағыттағы статистик А.А. Кауфман өз еңбектерiнде қазақ қауымына орыс қауымының белгiлерi көшкенiн көрсетеді



48. XVIII ғ. Қазақ мәдениеті. Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және т.б жыраулардың шығармашылығы. Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғ-дың екiншi жартысында туған демокр. ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғы-лым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демокр. идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классик. әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классик. әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қ. ә-нiң эстет. принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды (“Өсиет наме” — 1880, “Бала зар” — 1890, “Диуани хикмет” — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады.

Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік.

Мирас толғаулар

«Бірінші толғау»

«Күллі әлемді жаратқан»

«Құбылып тұрған бәйшешек»

«Он сегіз мың ғаламды жаратқан»

«Керей, қайда барасың»

«Әлемді түгел көрсе де»

«Ай, заман-ай, заман-ай»

«Абылай ханның қасында»

«Айналасын жер тұтқан»

«Ай не болар күннен соң»

Үмбетей Тілеуұлы (1697-1786) – жырау, қобызшы, ақын. Қазақтың эпостары мен музыкалық шығармаларын жетік білген. Эпикалық толғау-өлеңдердің авторы. Қазақ халқының жоңғарлармен күрестегі ерліктерін, халықтың бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Оның туындыларының ішіндегі белгілісі – Бөгенбай батырға арнаған жырында Отан қорғаушысының жарқын да үлгі тұтарлық келбетін сипаттайды.

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені) — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы

49. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың саяси портреті. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Жолдау жарияланғанға дейін аудандық ақпаратты-насихат тобы және ауылдық округ әкімдері жанындағы насихат топтарының құрамы қайтадан жасақталды. Ақпараттық топ қатарына осы саладағы жұмыс өтілдері жоғары, белсенді қызметкерлер, «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымдары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және елге танымал азаматтар енгізілді. Осылайша, ауданда 17 ақпараттық-насихаттау тобы (16 селолық округте және 1 аудандық) жұмыс істейді, оған 244 адам бар. АНТ мүшелері  ҚР Президентінің Жолдауын талқылау бойынша айына екі рет жұмыс жүргізеді. 5 ақпаннан бастап өз жұмысын облыстық АНТ бастады, есеп беру уақтысында ауданның барлық ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізілді. Ағымдағы жыл ішінде аудан әкімі бекіткен кестеге сай барлық ауылдық округтер орталықтарына аудандық ақпараттық насихат топ жетекшілері мен мүшелері Жолдауды халыққа түсіндіру үшін жіберіліп отырды. Жиын хаттамаларында барған насихат тобының өкілдері, қатысқан адам саны, сөйлеушілер көрсетіліп, Президенттің халыққа арналған Жолдауына толық қолдау білдірілген.   Жыл басынан 98 кездесулер мен жиналыстар өткізіліп, қатысқан тұрғындардың саны 2770 адам құрады. Қатысушылардың құрамында зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП өкілдері,  жастар және басқа да ауыл тұрғындары қатысып отырды.   Аудандық «Ауыл айнасы» газетінде Жолдауды насихаттаған 27 баспалық материалдар жарық көрді.

50. ҚР Конституциясы (1993, 28 қаңтар), (1995,30 тамыз)мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

51. Абай Құнанбаев-ұлы ақын, ойшыл, ағартушы. Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

53. XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері — А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан — Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды.

Қазақ баспасөзінің қалыптасуы. Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болғаи баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы коздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Айқап газеті бар.

54. XVIII-XIX ғғ. Қазақ-қытай қатынастары.

Сауда және қалалар. Қазақ аулына қоныс аударып келген орыс, украин шаруаларының тұрак, мекендеріне күннен-күнге әсерін күшейте бастаған капиталистік қатынастар сауда көлеміне де, оның мазмұны мен мәніне де өәер етті. Ресей сауда капиталының тіпті шалғай қазақ ауылдары өміріне де ықпал-әсері империяның орталық аудандары мен орталык, өлке арасындағы шаруашылық байланысты, тауар алмасу мен айырбасты біршама кеңейтті. Ауылдың әлеуметтік және шаруашылық өмірінде малды саудалап, оны тауарға айналдыру ерекше байкала бастады. Мысалы, XIX ғасырдың 80-жылдарында Ақмола, Сарысу, Қарқаралы уездері аркылы Ресейдің орталық аудандарына 60 мың ірі қара, 200 мыңға дейін қой жеткізілетін. Петропавлдан Қорған және Шадринск арасындағы мал айдайтын жолмен жыл сайын 340 мыңдай ірі қара, сондай-ақ 550-600 мыңға тарта қой, ешкі айдалды. Казак, даласында малмен сауда жасау аркылы өйгілі болған ірі көпестер Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин бай ауылдарынан жылына ондаған мың мал сатып алып, оларды Орта Азияның, Ресейдің орталык базарларына жөнелтетін. Сауда тек малмен ғана байланысты болған жоқ, XIX ғасырдың екінші жартысында орталык өнеркәсіпті аудандардан мақта мата өндірісінің бұйымдары да көптеп әкелінді. Капиталистік фабрикада жасалынған тауарлар орта азиялық сапасы төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелі казактармен саудадағы үлесін төмендетті. Жүздеген мың сомға әкелінген металл, шұға, жібек, былғары бұйымдары жылдан-жылға сауданың өзара тиімділігін арттырып, еңбеқ құрал-жабдыктарының: шалғы, пышак, соқа, балта, т.б. күнделікті шаруа тұмысында жиі пайдаланатын бұйымдар мен құрал-жабдықтардың сатылуын молайтты.

55. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы және тылдағы еңбек ерліктері.

Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары — Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар.

Қазақстан — майдан арсеналы. 1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды (астық — 5 829 мың тонна, ет — 734 мың тонна, жүн — 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат).

56. Қазақ өлкесінде ұлттық автономиясын жариялау АЛАШ ОРДА үкіметі және оның Кеңес өкіметімен қарым-катынасы.

Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Алаш автономиясының құрылуы. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты.

57. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі қазақ батырларының ролі (1700-1756)Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған.

16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды.

Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламақазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан.

58. Тәуелсіз ҚР – да жаңа саяси қозғалыстар мен партиялардың қалыптасуы және демократияның тереңдеуі. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.



Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды.

59. XX ғасыр басындағы Қазақстанға ресей шаруаларын қоныстандыру саясаты.

орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды.Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты. Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. 1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында – 88,6%-ы болды.

60. XV-XVII ғғ. Қазақтардың шаруашылығы, тұрмысы және мәдени өмірі.

Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдар болып тұратын. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жекелеген аймақтарда егіншілік пен балық аулау кәсібі дамыды. Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің — өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой өсіру, негізінен қылшық жүнді және құйрықты тұқымдар, ірі қара мал), соның ішінде жылқы өсіру және түйе өсіру. Қазақтардың қоныстанған аумағының басым бөлігінің аридты сипатына байланысты егін шаруашылығы негізінен қосалқы болған

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

Жыраулар кезеңі (XV ғасырXVIII ғасырдың бірінші жартысы.

Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).

Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Қорқыт бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан. Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Қазақ халқының XVXVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

61.КСРО-ң ыдырауы,ТМД-ң құрылу және қазақ елдерімен байланыстары.ТМД-ң құрылуы. Орта Азия республикалыры м ен Қазақ-ң басшылары 1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабадта бас қосып,мәлімдеме жасады. Онда бұрынғы құқықсыз болған респ-р орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынын құрылғана қуатталды….Сонымен бірге олад ТМД өз субъектілерінің барлығының мүддесін есепке алатынболса, оның тепе-тең құрылтайшылары болуға өздерінің әзір екенін білдіреді.1991жылы 21желто-да Алматыда тәуілсіз 11 мемлекеттің басшылары кездесті,олар сегізінші жел-да Минскіде ТМД құрылғаны туралы келісім Хаттамасына өздерінің қолдарын қойды. Қабылданға декларацияда мемлекеттің жаңа құрылымы құрылғаны және осыған байланысты Одағының өмір сүруінің тоқтағаны жария етілді.Достастыққа қатысушы мелекеттер қздерінің конституциялық заңдарына сәйкес бұрынғы КСР Одағының жасаған шарттары мени келісімдеріен туындайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуына кепілдік жасайтындары мәлімденді.Сонымен қатар өздері қол қойған Алматы Декларациясының принциптерін бұлжытпай сақтак міндетті.

КСРО-ң ыдырауы. КСРОның құлауының басты себептерінің бірі экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, одақ экономикасынын технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ оның өндірісі шығарған тауарларының бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРо АҚШ пен әскери бәсекге түсіп және капиталистік елдермен әскер стратегиялық тепе тендікті сақтау ушін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-90жж арасындағы 40ж әскери шығын 20трл долларға жеткен мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986ж бастап ашық айтыла бастады. 12-5жылдықта республика экономикасының қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Оның өзі бес жылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. 1991ж 8желтоқсан Белорусь , РСФСР және Украина республикаларының басшылары Миск каласында кездесіп мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді , сондықтан республикалардың одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терен экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендегі тұрмыс денгейі төмендеп кетті. Қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар кушейді деп атап өтілді. Мұнын өзі одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын ТМД құруға жол ашты.

62.Қазақстандағы индустрияландыру. Қиындықтар, табыстар,кемшіліктер. Қаз.ды индустрияландыру: қиындықтары, табыстары.

КСРО Ғылым Академиясы 20ж. аяғы 30ж басында көрнекті ғалымның қатысуымен республиканың бүкіл аумағын қамтыды.Инженер- геолог Қаныш Сатбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орнын зерттеп, аймақтың болашағы зор екендігін дәлелдеді.1927ж Түркістан Сібір темір жол магистральі белгіленген 5 жылда емес 3 жылда салынып бітті.1930 ж сәуірдің 28-де солт., оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп,жол иске қосылды.Ол 1931ж қаңтарда пайдалануға берілді.Сталиннің индустрияландыруының басты міндетін КСРО-ны машиналар, жабдықтар әкелетін елден оларды өз бетінше шығарудың емес……………деген тұжырымына…………Донбастың жаңашыл Стахановтың рекорды мәлім болысымен партия ұйымдары оның тәрбиесін насихаттай бастады.Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды.Қарағандының шахтері Күзембаев Қаз-да стахановшылардың ізбасары болды.Қазақстан өнеркәсібінің алғашқысы болып Москва және Москва облысының жұмысшылары қамқорлыққа алды.Ол жөнінде штаб құрылды.

63.ҚР республикалық рәміздері.

1992 жылы 4 маусым ҚР –ның мемлекеттік туы мен елтаңбасы қабылданды. ЕЛТАҢБА-ҚР –ң негізгі рәміздерінің бірі. Авторы-Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Негізі шаңырақ. Ол гербінің жүрегі. Шаңырақтық туп негізі ол отбасының белгісі. Шаң-қ киіз үйдің кумбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың белгісі.Тұлпар-дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүурік аты,жеңіке деген жасымас жігердің,қажымас қайраттың, босиандққа ұмтылған белгісі.Бес бұрыштты жұлдыз гербтің тәж іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар,Жұлдыз адам өмір сүретін бес компонентінің тату-тәтті өмір сүруінін бейнесі.ТУ авторы-суретші Шакен Ниязбеков. Мемл-к ту көгілдір тік бұрышты кездеме.Онын ортасында арайлы күн.күннің астында қалықтанған қыран белгіленген. Ағаш сабының бекітілетін тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектенген.Күн, қыран және ою өрнек алты түсте өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Көгілдір тус ашық аспанның биік күмдезін елестетеді және қазаөстан халқының бірлік, ынтымақтық жолына адалдығын аңғартады. 1992жылы 11желтоқсан мем-к әнұран мәтіні бекітілді.Сөзі-Әлімбаев,Мырзалиев,Молдағалиев,Дәрібаева.Әні-Төлебаев,Бурсиловский.Одан кейін 2006 жылы жана әнұран қаб.Сөзі-Жұмекен Нәжімеденов,Н.Назарбаев.Әні- Ш. Қалдаяқов.

64. Ресейдегі ақпан көтерілісінің Қазақстанға тигізген әсері. Уақытша укмет саясаты. 1917 жылы 27 ақпан-Ресей буржуазиялық-демократиялық төңкерісі , монархияның құрылуы. Елде қос үкмет орнады, бірінші. Уақытша укмет бағыты-капитализімді дамыту, екінші- жұмысшы, шаруа және салдат депутатары… Кеңес бағыты-социолизм құру. 1917 жылы наурыз-сәуір-жұмысшы жіне салдат депут-ң Кеңестері құрылды.1917 жылғы мамыр –маусым- шаруалар депут-ң Кеңестері құрылды. Кеңес укметінің көтерген мәселелері… шаруаларға жер, жұмысшыларға сегіз сағаттық жұмыс күні…Халыққа бейбітшілік беру. 1917 жылы наурыз-жергілікті социал-демократтарыңастыртын жұмыс істеудің ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезені.



Страницы: 1 | 2 | Весь текст